Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ЖАҢА МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҚТЫҢ АШЫЛУЫ ӨТТІ

ЖАҢА МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҚТЫҢ АШЫЛУЫ ӨТТІ

Шымкент қаласында заманауи үлгідегі көпсалалы «ASEM СLINIC» медициналық орталығы ашылды. Орталықтың салтанатты ашылуына қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позилов, ӘІл-Фараби ауданының әкімі Рашид Мыңбаев, қалалық мәслихат депутаттары Нұрсұлтан Балабиев пен Байкен Аширбаев қатысты.
«ASEM СLINIC» медициналық орталығы «Асем ғылыми-өндірістік бірлестігінің» медицина саласындағы жаңа бағыты болып саналады. Қала халқына амбулаториялық – емханалық көмектің қол жетімділігін жақсарту мақсатында жеке кәсіпкердің қаржысына салынып, медициналық қызмет көрсету стандарттарына сәйкес медициналық құрал-жабдықтармен жабдықталып, пайдаланылуға беріліп отыр.
Емхананың жалпы көлемі — 2 520 ш.м. құрайды, 6 қабатты: 1 — 5 қабаты медициналық бағытта қолданысқа арналған. 6 қабаты — әкімшілік бөліміне арналған. Емхананың қуаттылығы 300-350 адамның келіп кетуіне бейімделген.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 08 сәуірдегі №281 бұйрығының, Шымкент қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 27 сәуірдегі №265 Қаулысының және Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының 2021 жылғы 30 сәуірдегі №150 бұйрығының негізінде, Шымкент қаласы, Самал — 2 мөлтек ауданының 9 903 тұрғындарына (оның ішінде 5 жасқа дейінгі балалар саны — 1 181, босану жасындағы әйелдер саны — 2 272) 2021 жылғы 01 маусымнан бастап амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін болады.
Бұл орталық емханаға ТМККК шеңберінде 30 000 халықты тіркеп, бір ауысымда 300 адамға сапалы қызмет көрсетуді жоспарлап отыр.
Емханада бекітілген штаттар саны 98 (оның ішінде дәрігерлер — 34, орта буын медицина қызметкерлері — 45, кіші буын медицина қызметкерлері — 9, әкімшілік және басқалар — 10).
«ASEM СLINIC» емханасы 7 бөлімшеден тұрады: әкімшілік — шаруашылық бөлімі, 6 жалпы тәжірибелік дәрігерлік аймақ, 1 акушер — гинекологиялық аймақтан, мамандандырылған бөлімше: 24 жоғары білікті мамандандырылған дәрігерлер, әлеуметтік — профилактикалық және психологиялық бөлімшесі, лаборатиялық — диагностика бөлімшесі, 15 төсек — орындық күндізгі стационар бөлімшесі, молекулалық медицина орталығы.
Қамтылған медициналық құрал — жабдықтар тізімі: УДЗ аппараты, ЛОР комбайн, ларингоскоп, эндоскопия, кольпоскопия, кардиотокограф, отоэмиссиялық аудиоскрининг жүргізу, цифрлық рентген, флюорография, жарық шам, авторефрактокератометр, офтальмоскоп, дефибриллятор, спирограф, СМАД, Холтер ЭКГ, ЭХЧВ электрокоагулятор және де басқа қажетті медициналық құрал — жабдықтармен толыққанды жабдықталған.
Клиникаға келген емделуші «Damumed» мобильді қосымшасы немесе тіркеу орны арқылы дәрігер қабылдауына электронды түрде жазылып, қабылдау уақыты көрсетілген талон алады. Падемияның салдарынан науқастарды қашықтықтан кеңес беруге деген сұраныс күннен күнге артуда, сондықтан әрбір дәрігердің жұмыс орындары Web-камера және құлаққаппен қамтамасыз етілген. Емделушілердің ыңғайлылығы үшін клиникада өз — өзіне қызмет көрсету бұрышы және мобильдік қосымша іске қосылған.
(Ә.Ә.)

Пікір жазу