Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қазақстан жаңалықтары » ӨТКЕН ТӘУЛІКТЕ 450 КВИ ЖАҒДАЙЫ ТІРКЕЛДІ

ӨТКЕН ТӘУЛІКТЕ 450 КВИ ЖАҒДАЙЫ ТІРКЕЛДІ

Возможно, это изображение (1 человек и текст)

Шымкент қаласында эпидемиологиялық ахуал күрделене түсуде. Өткен тәулікте КВИ-дің 450 жағдайы тіркелді (белгілері бар – 261, белгілері жоқ – 189). 56 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 394 адам үй бақылауына алынды.
Қазіргі таңда мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 783 орын бар, төсек-орын толымдығы 40 %-ды құрайды.

Шаһарда егу науқаны басталғалы барлығы 593 766 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 580 732 адам вакцинаның екі компонентін алды.
Pfizer вакцинасының I компонентін 26 285 адам, II компонентін 11 632 адам қабылдады. Сондай-ақ, 53 885 адам ревакцинацияланды.

Қала тұрғындарын карантиндік талаптарды сақтап, тезірек екпе алуға шақырамыз.

© Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Пікір жазу