2021 жылы «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында келген туристер санын 49 пайызға жеткізу қарастырылған. Ресми статистикалық мәліметтерге сәйкес, ағымдағы жылдың 2 тоқсанында келген туристер саны 158 224 адамды құрап, 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (69 945 адам) 2,2 есеге өсті.
Республикалық көрсеткішке сәйкес, қалаға келген туристер саны бойынша Шымкент қаласы 5 орында.
Шымкент қаласы аумағында 2021-2022 жылдары 4 туристік жобаны іске асыру жоспарланған. Оның ішінде «The KERRAA Stars Hotel», «Diamond Hotel» қонақ үйлерінің құрылысы 2022 жылға өтпелі, биылғы жылы «Onfit» фитнес орталығы ашылып, «Абай» қонақ үйін желтоқсан айында іске қосу жоспарлануда.
Ағымдағы жылы «Visit Shymkent» туристік-ақпараттық орталығы» КММ-і құрылып, 24 сағат жұмыс жасайтын Call-center іске қосылды. Орталық туристер мен қала қонақтарына «бір терезе» қағидасымен ақпараттық-консультативтік көмек көрсетеді.
Туризмді дамытуға қолайлы орта қалыптастыру мақсатында қаланың 6 туристік нысанның аумағында (Әл-Фараби алаңы, Бәйдібек би ескерткіші, Наурыз алаңы, Дендросаябақ, Цирк, Ордабасы алаңы) автобустарға арналған «Bus stop» тұрақтары жасалды.
Бұдан бөлек, туристік өнімдерді ілгерілету бағытында түзілген меморандумдар аясында өзге өңірлермен ынтымақтастықты арттыру мақсатында Түркістан қаласында өткен «Ұлы Жібек жолы – Ұлы мұра» халықаралық форумына қатысты.
Шымкенттің 20 туристік нысанының, оның ішінде Дендросаябақ, Зообақ, Бәйдібек би ескерткіші, Цитадель, Қошқар ата өзені, Сайрам тұрғын алабындағы киелі нысандардың және т.б. 3D аэротүсірілімі жүргізіліп, арнайы интерактивті альбом әзірленді. Бұл арқылы кез келген турист онлайн форматта нысандарды 360 градуста көріп-тамашалауға мүмкіндік алады.
Сонымен қатар, «Shymkent 2200: Туристік креативті қала бейнесі» форум-көрмесі өтіп, «Қазақ ауылындағы» қолөнершілер мен суретшілердің туындысымен танысып, жергілікті ас үй тағамдарынан дәм татып, театрландырылған қойылымдарды тамашалады.
Ағымдағы жылдың ең ауқымды іс-шарасы EXPO DUBAI 2020 халықаралық көрмесіне қатысып, Шымкент қаласының өнімдерін жеке әрі жан-жақты көрсету мақсатында келіссөздер жүргізілді.
2020-2021 жж. аралығында «FlyArystan» лоукостері тарапынан Шымкент бағытында 9 қаладан рейстер ашылды (Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Семей, Орал).
Туризм саласы бойынша ағымдағы жылдың 9 айында ынтымақтастық туралы еліміздің өзге өңірлері мен туристік индустрия өкілдерімен 20 меморандумға қол қойылды. Меморандумдар аясында бірлескен маркетингтік шаралар жүргізу, өзара тәжірибе алмасу, бірлескен туристік өнімдер әзірлеу қарастырылуда.
Сыртқы байланыстар
Қалаға инвестиция тарту мақсатында Мысыр Араб Республикасының «Arab Contractors» компаниясының өкілдерімен кездесу өткізілді.
Сонымен қатар, сауда-экономикалық байланыстарды одан әрі дамыту мақсатында Татар Республикасымен бірлесе орта және шағын кәсіпорындардың іскерлік миссиясы өткізілді.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Америка Құрама Штаттары арасындағы ресми дипломатиялық қатынастардың орнатылуына орай, қазақстандық-американдық достық саябағын Шымкентте құру бойынша кездесу өтті.
Шымкент қалалық мәслихат депутаты,
«AMANAT» партиясының фракция мүшесі Сейітжан Бақытжан Серікжанұлы.