Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қазақстан жаңалықтары » ЖАСТАР ЖӘНЕ ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ БОЙЫНША

ЖАСТАР ЖӘНЕ ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ БОЙЫНША

Отбасы құндылықтары

Шымкент қаласында 14-29 жас аралығында 240 мыңға жуық  жас бар. Бұл қала халқының 22,3% құрайды. Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3,9%.

2021 жылы 10 215 жас жұмыссыздықтың әлеуметтік қорғау шараларына қатысып, жұмыс орындарына орналасқан. Сонымен қатар, пробация есебінде тұрған 101 жас жұмыспен қамтылды.

4 ауданда «Жастар ресурстық орталығының» бөлімшелері ашылды. Орталық жастарға қызмет көрсету, талантты жастарды қолдау, Коворкинг орталығы, шағын кітапхана және психологиялық кеңес беру бойынша жұмыс атқарады.

Волонтерлік бастамаларды қолдау бойынша Шымкент қаласында «MEYIRIM.KZ» электронды қайырымдылық порталы іске қосылып, жыл басынан бері 3 773 мұқтаж отбасыға әлеуметтік көмек көрсетілді.

Порталда 31 қайырымдылық қоры, 19 заңды тұлға, 4 әлеуметтік дүкен және 73 волонтер ресми тіркеліп, қызмет көрсетуде.

Қазақстан Республикасы   Тәуелсіздігінің   30   жылдығын   орай «30 қайырымды іс» жалпыұлттық марафоны аясында волонтерлік ұйымдар қаламыздағы әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар мен қарияларға 7000-ға жуық азық-түлік себеттерін үлестірді.

Әлеуметтік жағдайы төмен, асыраушысынан айырылған көп балалы отбасыларға «Харекет» қайырымдылық қорынан — 15, «Ізгілікте жарысайық» қайырымдылық қорынан — 11, жалпы 26 отбасыға баспана кілттері табысталды.

Жыл басынан бері 300 жастарға пәтер табысталса, жыл соңына дейін 600 пәтер кілтін беру жоспарлануда.

Студенттерді жатақханамен қамту мақсатында биылғы жылы қалада Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Қаржы орталығы» АҚ арқылы 1474 орынды 4 жатақхана пайдалануға берілді.

Жастар арасындағы суицид санын кеміту бағытында 22 іс-шара,  қылмыс құқық бұзушылықтарды төмендету бағытында 29 іс-шара өткізілді.

Нәтижесінде жыл басынан бері жастар арасындағы суицидке оқталғандар саны өткен жылдың 9 айымен салыстырғанда 32 пайызға, қылмыс  саны 12,7  пайызға төмендеген.

 

Шымкент қалалық мәслихат депутаты,

«AMANAT» партиясының фракция мүшесі  Сейітжан Бақытжан Серікжанұлы.

Пікір жазу