Шымкент қаласы мәслихатының депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Исабеков Данабек тұрғындардың мұң-мұқтаждарын тыңдау мақсатында кестеге сай қоғамдық қабылдау өткізді.
“AMANAT” партиясы Шымкент қалалық филиалының Қоғамдық қабылдау бөлмесінде өткізілген қабылдауға бірнеше азамат жазылған. Азаматтар жеке сауалдарын білдіріп, бірнеше талап тiлектерiн жеткізді.
Қабылдау барысында азаматша К.Амирхановаға жер учаскесінің құжаттарын рәсімдеу бойынша кеңес беріліп, жеке бақылауға алынды.
О.Кенжаевтың жер және тұрғын үй құжаттарын заңдастыру бойынша мәселесі шешілді.
Сонымен қатар, азамат М.Керимшиев пен К.Еділбекованың мәселелері бақылауға алынды.
Әлеуметтік қолдау бойынша өтініштер назардан тыс қалмады.
Азаматша Л.Нуримоваға, Ұ.Дәрменбаеваға және А.Берденоваға бір реттік әлеуметтік, азық-түлікпен көмек көрсетілетіні айтылды.
“Халық үніне құлақ асатын мемлекет” қағидатын іске асыру барысында, кестеге сай, тұрақты түрде қоғамдық қабылдау өткізілетін болады.
Қабылдауға жазылған әрбір азаматтың өтініші мен шағымдарының шешімін табуға қала мәслихатының депутаты өз тарапынан жұмыс атқаратын боламын дейді.