Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » АЛҒЫС АРҚАЛАҒАН МЕДБИКЕ

АЛҒЫС АРҚАЛАҒАН МЕДБИКЕ

Қазіргі таңда медбике ең сұраныстағы мамандықтың бірі. Бұл кәсіптің міндеттелген жұмысы көп, арқылығын жүгі де ауыр. Дәрігердің көмекшісі болған медбикелер науқасқа келген сәтінен сауыққанша бәйек болады. Міне, осындай маманның бірі – Шымкент қаласындағы онкологиялық орталығының емхана бөлімінің медбикесі Көпбосынова Асылзат Байырбекқызы.

Кейіпкеріміз қалалық онкологиялық орталықта 2006 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Алғашқы еңбек жолын бастаған емхана бөлімінде бүгін де бар күш — жігерін арнап, табысты қызмет етуде.

Асылбек Байырбекқызының айтуынша, медбикелердің жұмысы үлкен жауапкершілік пен байсалдылықты талап етеді.

– Орталыққа емделуге келген науқастардың құжатын емханада рәсімдейміз. Жұмыс барысында ауруы асқынған науқастарға алғашқы көмек көрсетіп, дәрігердің нұсқаулығымен екпе жасаймыз. Жақсы сөз жанға дауа болғандықтан, ем — домға кіріспес бұрын науқастың көңіл күйін көтеретін жылы сөздер айтамыз. Кейде дерті асқынған пациенттерге жылы сөзбен жұбата алмай, көмек қолын соза алмайтын кезіміз де болады. Адам денсаулығы бәрінен қымбат екенін қаншама рет күәсі болдым. Сондықтан айналамдағы адамдардың бәріне денсаулыққа мән беру керек екенін жиі айтып жүремін, — дейді Асылзат Байырбекқызы Көпбосынова.

Медбике үшін сырқаттардан естіген алғыс сөзінен асқан мәртебе жоқ. «Алғыс арқалаған азбайды» дейді халқымыз.

Қазір қалалық онкологиялық орталығының емхана бөлімінде 25 медбике жұмыс істейді. Орталықта күн сайын дертіне шипа іздеген науқастар тоғысады. Барлығын бір ой ғана біріктіреді. Ертерек сауығып, отбасына оралу. Асылзат Байырбекқызы Көпбосынова секілді білікті медбикелер дәрігермен қатар, өздеріне міндеттелген жұмысты абыроймен атқарып жүр.

Халық денсаулығының мық­ты болуы – еліміздің медицина саласында еңбек етіп жүрген дәрігерлердің қолында екендігі мәлім. Осы ретте, еліміздің ден­саулық саласында жемісті еңбек етіп, халықтың алғысына бөлен­ген барша ақ халатты жандарға алғыс білдіремін.

 

 

Пікір жазу