Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ТҰРҒЫНДАР КӨТЕРГЕН МӘСЕЛЕЛЕР ШЕШІМІН ТАУЫП КЕЛЕДІ

ТҰРҒЫНДАР КӨТЕРГЕН МӘСЕЛЕЛЕР ШЕШІМІН ТАУЫП КЕЛЕДІ

Шымкент қаласы Еңбекші ауданының белсенді азаматтарымен және билерімен кезекті кездесу өтті, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілетеме жасаған Didarbek.kz ақпараттық агенттігі.

Жиында аудан әкімі Д.Есілбек алдыңғы кездесулерде аудандағы Қоғамдық бақылау кеңесінің мүшелерінен және аудан тұрғындарынан 48 шешімі табылмай жатқан сұрақтар келіп түскенін жеткізіп, ол бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады.

«Қазіргі таңда 48 тапсырманың 9 тапсырмасы орындалды. 39 тапсырма жұмыс барысында. Оның ішінде 35 тапсырма жыл соңына дейін толығымен орындалады. Қалған төрт тапсырма 2023 жылы толығымен орындалады деп жоспарлануда», -деді аудан әкімі.

Атап айтқанда «Қаратөбе» аумағында орналасқан емханаларға тұрғындарды тіркеу жұмыстары жүргізілді. «Оңтүстік Жарық Транзит» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен Тоғыс тұрғын алабында орналасқан 2 трансформатор қоршалып, 7 электр бағаналары ауыстырылды. Мұнайбарлаушылар көшесінде орналасқан ойын алаңшасы жарықтандыруға қажетті 6 бағаналар орнатылды. Маятас тұрғын алабы Көлді көшесі бойына 7 дана, Елтай тұрғын алабы Найзатас көшесі бойына 6 дана, Жыланбұзған тұрғын алабындағы Қарақыстақ көшесі бойына 3 дана, Айнатас тұрғын алабы орталық Айнатас көшесі бойына 4 дана қажетті жол белгілері мен аялдама павильондары орнатылды.

Сонымен бірге «Қазығұрт» аумағының дамуы туралы төлқұжаты әзірленіп, «Қазығұрт» аумағы бойынша санитарлық тазалық жұмыстары тұрақты бақылауға алынды. Күнделікті «НұрОлжа» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тарапынан аптасына 2 рет тиісті жұмыстар жүргізілуде. Базарқақпа, Абдуллабад және Тұрдыабад елді – мекендердегі 3000 үйге бекітілген лимит шегінде (16 млн м3) ағын су берілуде. Елтай мен Тоғыс елді мекеніне 4G технологиясымен базалық станция орнатылып сапалы интернетпен қамтылды. «ОңтүстікЖарықТранзит» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен Қарабастау тұрғын алабында бүгінде 100% тұрғын үй электр қуатына қосылды.

Аудан тұрғындары хаттамалық тапсырмалар орындала бастағанын, қолға алынған жұмыстар халыққа түсіндіріліп жатқанын атап өтті.

 

 

Пікір жазу