Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » САЛ АУРУЫНА ШАЛДЫҚҚАН БАЛАЛАР ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫНДА ЕМДЕЛЕДІ

САЛ АУРУЫНА ШАЛДЫҚҚАН БАЛАЛАР ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫНДА ЕМДЕЛЕДІ

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялауына орай, Шымкент қаласында балаларға арналған іс-шаралар тұрақты өткізіліп келеді, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі «Шымкент келбеті» газетіне сілтеме жасап.

Осыған байланысты биыл қалада балаларды қорғауға, сапалы біліммен қамтуға, мүмкіндігі шектеулі балалардың денсаулығын нығайтуға, инфрақұрылымды дамытуға ерекше көңіл бөлініп отыр.

Осы мақсатта ұйымдастырылған баспасөз туры барысында Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасына қарасты «№1 оңалту орталығы мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорынының» жұмысымен таныстық.

Оңалту мекемесінің бас дәрігерінің орынбасары Мейрамгүл Алтаева орталықта 120 қызметкер жұмыс істейтінін, сондай-ақ, дәрігерлердің көпшілігі тәжірибесі мол, біліктілігі жоғары мамандар екенін айтып өтті.

–Мұнда тірек — қимыл қозғалысы бұзылған, церебральді сал ауруынан жұту, шайнау қызметтері нашарлаған және тіл мүкістігі бар балалар мен жасөспірімдер емделеді. Науқастарға негізінен медициналық және педагогикалық, коррекциялық емдеу түрлері қолданылады. Балаларға ортопед — травматолог, неврапотолог, дефектолог, психолог, физиотерапевт және реабилитолог сияқты жоғары санатты дәрігерлер қызмет көрсетеді, — деді Мейрамгүл Алтаева.

Сонымен қатар, жыл басынан бүгінгі күнге дейін оңалту орталығында 583 бала ем — дом қабылдаса, емдік шаралар өз нәтижесін берген 14 сәби аяғынан нық тұрып, 12 бүлдіршін өздігінен жүріп кеткен.

Бұдан бөлек орталықта галотерапия, психологиялық оңалту, монтессори, сенсор бөлмесі, эрготерапия, ойынтерапиясы секілді қосымша емдеу шаралары жүргізіледі.

Аталған орталықта тегін ем қабылдау жергілікті емханалардың жолдамасы арқылы жүзеге асырылады.

Пікір жазу