Шымкент қалалық ардагерлер кеңесінің референдумды қоғамдық қолдау штабы құрылды, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілетеме жасаған Didarbek.kz ақпараттық агенттігі.
Шымкент қалалық ардагерлер кеңесінің алқа мәжілісі өтті. Бұл жиынға Ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжехан Төлебаев, ардагерлер кеңесінің мүшелері, қалалық қоғамдық қолдау штабының төрағасы Еркін Тұрниязұлы Сатқанбаев пен қалалық қоғамдық штаб өкілдері және медиаторлар тобы қатысты. Онда референдумды қоғамдық қолдау мәселелері талқыланып, бірқатар шешімдер қабылданды.
Іс-шарада қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжехан Төлебаев Конституцияға енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың мән — маңызын түсіндіріп берді.
– Референдумның мақсаты – жаңа қоғам, Жаңа Қазақстан құру. Алдағы референдум республиканың әрбір азаматына еліміздің болашағын айқындайтын тарихи оқиғаға қатысуға тікелей мүмкіндік береді. Конституциялық өзгерістер мен толықтырулар елдің саяси жүйесін қазіргі заман талабына сай түбегейлі өзгертеді. Сондықтан, баршаңызды қоғамдық — саяси мәні зор іс-шарада белсенділік танытуға шақырамын, – деді ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжехан Атақұлұлы Төлебаев.
Соныдай-ақ, жиын барысында референдумды қалалық қоғамдық қолдау штабының төрағасы Еркін Тұрниязұлы Сатқанбаев штабтың атқарған жұмыстарының нәтижелерін баяндап, алдағы жұмыс жоспарларынан хабардар етті.
Сонымен қатар, мәжіліс соңында Шымкент қалалық ардагерлер кеңесінің Референдумды қоғамдық қолдау штабы құрылды. Президент бастамасын жалпыхалықтық референдум шеңберінде талқылауды іске асыру жөніндегі Шымкент қалалық ардагерлер кеңесінің іс — шаралар жоспары түзілді. Әр аудан бойынша үгіт — насихат тобының мүшелері бекітілді. Қалалық ардагерлер Кеңесі төралқасының үндеуі қабылданды.