Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ЖЕҢІМПАЗ ОҚУШЫЛАР МАРАПАТТАЛДЫ

ЖЕҢІМПАЗ ОҚУШЫЛАР МАРАПАТТАЛДЫ

Шымкент қаласында «Дарынды балалар фестивалі» бағдарламасы өтті, деп хабарлайды қалалық ақпараттық — коммуникациялық орталығына  сілтеме жасаған Didarbek.kz ақпараттық агенттігі.

Оқушылар сарайында өткен мерекелік іс-шарада білімімен, өнерімен көзге түсіп жүрген оқушыларға марапаттары табысталды. Балалар жылын бастау мақсатында ұйымдастырылған салтанатты жиынға Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Жұмабекұлы Мұқан, қалалық білім басқармасының жетекшілері, оқушылардың өздері мен ата — аналары қатысты.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ағымдағы жылды «Балалар жылы» деп жариялағаны баршаға белгілі. Осыған орай қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы Әйтеновтің бастамасымен оқушыларды, балаларды қолдауға арналған түрлі іс — шаралар қолға алынған. Көптен бері алғаш рет 150 мыңға жуық оқушы бір реттік ыстық тамақпен қамтамасыз етіліп жатыр, оған қоса, алпыс мың оқушыға арналған арнайы тегін үйірмелер жұмыс істеп тұр. Мұның барлығы сіздер сапалы білім алу үшін арналған. Себебі, оқушылар, жастар неғұрлым білім алып, дамыса, еліміз де соғұрлым дамиды. Сіздердің табыстарыңыз – мемлекеттің табысы! – деді қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Жұмабекұлы Мұқан.

Бұдан кейін шара барысында білімімен, дарынымен, өнерімен топ жарып жүрген оқушыларға қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлының алғыс хаттары мен грамоталар, сонымен қатар, сыйлықтары табыс етілді. Олар – республикалық шығармашылық оқулардың, олимпиадалар мен басқа да сайыстардың жеңімпаздары.

Айта кетейік, 2021-2022 оқу жылында Шымкент қаласының бес жүзден астам оқушысы халықаралық, республикалық, деңгейдегі түрлі сайыстарда топ жарған болатын.Аталған салтанатты жиынға үш жүзге жуық оқушы қатысты.

Осындай іс-шаралар алдағы уақытта жалғасын табады деген сенімдеміз!

Нұрлан Бектаев

Фотоны түсірген Серік Қосаев

Пікір жазу