Ағымдағы жылдың көктемінде Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларынан, Қостанай және Қызылорда облыстарынан шақырылған механикаландырылған бригаданың 150-ден астам сарбазы әскери ант қабылдады, деп жазады Шымкент гарнизонының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Didarbek.kz ақпараттық агенттігі.
Ант қабылдаушыға әрдайым есте қалатын салтанатты рәсім «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының механикаландырылған бригадасының саптық алаңында жеке құрамның, сарбаздардың ата-аналары мен туыстарының, сондай-ақ шақырылған қонақтардың қатысуымен өтті.
Қолдарына қару алған сарбаздар өздерінің әскери борышын лайықты атқаруға, сондай-ақ, елдің бостандығын, тәуелсіздігі мен конституциялық құрылымын, халқын және заңды түрде сайланған Президентінің батыл қорғауы болуға ант берді.
Бөлімге келгеніне бір ай болған жас жауынгерлер бастапқы әскери дайындық курсынан өтті. Олар әскери Жарғылар және олардың қызметін айқындайтын басқа да нормативтік-құқықтық құжаттарды, сондай-ақ, атыс, дене дайындығы және басқа да әскери оқыту пәндері бойынша бастапқы білім алды.
Сонымен қатар, ант беріп, салтанатты шерумен өткен сарбаздар, қарумен және қарусыз саптық амалдарды орындау, дефилье, дене дайындығы мен қоян-қолтық ұрыс элементтерін көрсетті.
— Бұл менің өмірімдегі терең із қалдыратын үлкен оқиға. Мен теледидардан ант қабылдауды бірнеше рет көрдім. Бірақ саптық алаңда тұрып, ант оқыған кезде, мүлдем басқа сезімде болады екенсің, — деп Қызылорда облысынан шақырылған қатардағы жауынгер Ринат Өмірзақ ант қабылдау рәсімінен алған әсерімен бөлісті.
Сонымен қатар, шақырылған сарбаздардың туыстары мен қонақтардың қатысуымен ант қабылдау рәсімі Covid-19 таралуына байланысты шектеу шаралары енгізілген сәттен бастап алғаш рет өткізіліп отырғанын атап өткен жөн.