Шымкент қаласының білім басқармасы әдістемелік орталығының 2022 жылға арналған жылдық жоспарына сәйкес 2022 жылдың 14 мамыр күні «Өзін-өзі басқару: жеке тұлғаның табысты дамуының жолы» тақырыбында білім беру ұйымдарының мектеп парламенті өзін-өзі басқару ұйымы көшбасшыларының І слёті өтті.
Слётке қалалық білім басқармасының бас маманы Адеев Әшірбек Абидович, Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығының» басшысы Исахов Мағжан Шыңғысұлы, қоғам белсендісі Ашимова Жасмин Аскаровна, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, Ерен еңбегі үшін медалының иегері Сейілбекова Үралхан Каналбайқызы қонақ ретінде шақырылды.
Слётте секциялық жұмыстар жүргізілді. Ө.Жолдасбеков атындағы №9 ІТ лицейінің мектеп президенті Сағындық Әсел «Жас кәсіпкерлер» тақырыбында, А.Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейінің мектеп президенті Каримкулов Нұрсұлтан «Өңірді дамытуға қатысу» тақырыбында, Космедемьянская атындағы №23 мектеп-лицейінің мектеп президенті Алиайдар Нұрбек «Балалар бастамалары» тақырыбында, А.С.Пушкин атындағы №1мектеп-гимназиясының мектеп президенті Серікбай Сабина «Жас ғалымдар мен өнертапқыштар» тақырыбында,
№131жалпы орта білім беретін мектебінің дебат фракциясының жетекшісі Серикбаева Диана «Мектептің дамуына қатысу» тақырыбында семинар- тренинг, №65 мектеп- гимназиясының мектеп президенті Шерездан Нұрдәулет «Жастар бастамалары жобалар, стартаптар» тақырыбында, №52 мектеп-лицейінің мектеп президенті Лесбек Жансая «Мектеп баспасөз орталығы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. №129 жалпы орта білім беретін мектебінің мектеп парламенті өздерінің жылдық жұмыстары бойынша түсірілген видеороликтерімен бөлісті. Тақырыптық алаңдағы іс-шаралар өте қызықты, жаңа идеяларға толы болды. Іс-шара барысында мектеп көшбасшылары өзара танысып, тәжірибе алмасып, өздерінің пікір-ұсыныстарын білдіріп, ұйымдастырушыларға алғыстарын айтып жатты. Слёт соңында тақырыптық алаңда өз тәжірибелерімен бөліскен мектеп көшбасшылары марапатталды.