Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » «БІР КҮНДІК БАҚЫТ»: ҚОЙЫЛЫМЫНЫҢ ПРЕМЬЕРАСЫ ӨТТІ

«БІР КҮНДІК БАҚЫТ»: ҚОЙЫЛЫМЫНЫҢ ПРЕМЬЕРАСЫ ӨТТІ

Адам өмірден өз орнын табуы үшін не маңызды деп ойлайсыз?  Дәл осы сауалдың жауабын Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театрында премьерасы өткен Уильям Теннесидің «Бір күндік бақыт»  психологиялық драмасынан таба аласыз.

«Бір күндік бақыт» — Теннесси Уильямстың өз өмірі мен отбасы туралы естелігі. Ол қойылымда өзін Том бейнесінде көрсетеді. Спектакльдің қоюшы режиссері С.Мелиев басты рөлдегі кейіпкерлердің иллюзия мен шындық арасындағы адасуын ерекше сахналаған.

— Бұл менің режиссер С.Мелиевпен алғашқы жұмысым. Режиссердің көмекшісі ретінде бекіткенде қобалжу болғаны рас. Алайда, режиссер актерлік құрамды бекіткен соң, бірден жұмысқа кірісіп кеттік. Тіптен, аударма жұмысы дайындық кезінде жүзеге асты. Яғни, режиссердің ұсынуына қарай орыс тілінен қазақ тіліне аударып, қағазға түсірдім. Шығарма желісінде Роза қанша анасының айтқанынан шықпайтын қыз болса да, оның өз әлемі, көзқарасы бар, жан дүниесі бай ерекше қыз. Оқиға анасының Лораға жұмыс таппай, оны тұрмысқа беруге шешім қабылдаған тұста шиеленісе бастайды. Анасы қызына деген шектен  тыс қамқорлығымен оны өз ойының «тұтқынына» айналдырғанын да байқамай қалады,- дейді режиссердің көмекшісі Гүлнұр Советханқызы.

Ал,  Лораның рөлін сомдаған Фариза Әбіл кейіпкерді сомдау үшін өз табиғатына мүлде қарама-қарсы кейіпке енгенін тілге тиек етті.

—  Анасының айтқанын екі етпейтін,  қиялдағы әлемімен өмір сүретін, жан дүниесі таза сақталған Лораны сомдау үшін біраз ізденуге тура келді,  — дейді ол режиссердің көмекшісі Гүлнұр Советханқызы.

Айта кетейік, 19 маусым Шымкен қаласының мерейлі мерекесі. Қала күніне орай сахналанған «Бір күндік бақыт»  психологиялық драмасының премьерасы 18-19 маусым күндері жалғаспақ.  Қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театры қойылымы 18 жастан жоғары көрермендерге арналған.

 

З.Алдабергенова

Фотоны түсірген: Серік Қосаев

Пікір жазу