Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Спорт » КӨШЕ СПОРТЫНАН ҮЗДІКТЕР АНЫҚТАЛДЫ

КӨШЕ СПОРТЫНАН ҮЗДІКТЕР АНЫҚТАЛДЫ

Қала күніне орай іс-шаралар легі жалғасуда. Кезекті сайыс Қошқар ата демалыс аймағында Street Workout атты көше спорт түрінен өтуде. Онда спортшылар кіл мықтыдан кім мықтыны анықтап жатыр.

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов жарысты ашып беріп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Мақсұт Пернебайұлы қалада бұқаралық спортты дамытуда жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Бұл іс-шара саламатты өмір салтын ұстанып, бұқаралық спортты насихаттауды мақсат етіп отыр.

Сайыста белтемір және қоссырық бойынша ересектер, жастар және жасөспірімдер арасында мықтылар анықталды.

Қазіргі таңда Шымкентте осы спорт түрімен шұғылданушылар саны 10 мыңнан асады. Қала бойынша арнайы жабдықталған 5 алаңша бар.

Жарыс соңында жеңімпаздарға арнайы дипломдар мен медальдар табысталды.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жастар мен жасөспірімдер арасында спортты дамыту, тұрғындар арасындағы спортпен шұғылданатын адамдар санын көбейту қолға алынды. Нәтижесінде, спорт секцияларының саны артты. Street Workout Бұл – денсаулықты жақсартуға, сымбатты болуға арналған бұқаралық спорт. Мұндағы жаттығулар көшедегі, алаңқайдағы белтемір, қоссырық, қырлы бөренелер, швед қабырғасы, көлденең баспалдақтар секілді қарапайым құралдар арқылы орындалғандықтан, қаражатты қажет етпейтін, қолжетімді спорт түріне жатады.

Еске сала кетейік, 2018 жылдың 19 маусымында Мемлекет басшысы Шымкент қаласына республикалық дәреже беру туралы Жарлыққа қол қойған болатын. Содан бері 19 маусым Шымкентте Қала күні ретінде аталып өтіледі. Яғни бұл күн Шымкент қаласының мерейлі мерекесі. Биыл мегаполистің туған күнін 4-ші жыл тойлап отырмыз. Бүгінде Шымкент ақылды, жасыл әрі қауіпсіз қалаға айналып келеді. Мектептер, кәсіпкерлік нысандар мен балабақшалардың саны күн санап өсуде. Шаһарымыздың гүлденуіне әрбіріміз үлес қосайық!

 

 

 

Пікір жазу