Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » МЫҢНАН АСА АЗАМАТТЫҢ ТҰРҒЫН ҮЙ ЖАЛДАУ АҚЫСЫН СУБСИДИЯЛАУ ӨТІНІМІ МАҚҰЛДАНДЫ

МЫҢНАН АСА АЗАМАТТЫҢ ТҰРҒЫН ҮЙ ЖАЛДАУ АҚЫСЫН СУБСИДИЯЛАУ ӨТІНІМІ МАҚҰЛДАНДЫ

Тұрғын үйдің жалдау ақысын субсидиялау бойынша өтінімдер Мемлекет басшысының тапсырмасы негізінде 2022 жылдың 18 сәуірінен бастап қабылданған болатын. Қазіргі таңда тұрғын үйдің жалдау ақысын субсидиялау бойынша баспана кезегіндегі 1201 азаматтың өтінімі мақұлданды. Бұл туралы «Отбасы банк» өкілдерінің қатысуымен өткен қалалық әкімдіктің баспасөз брифингінде тұрғын үй басқармасының басшысы Жанат Утебаева мәлімдеді, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі.

–«Атаулы көмек қағидатына сәйкес 50% — мемлекет, қалған 50% — ын алушы өз бетінше төлейді. Қазіргі таңда тұрғын үй басқармасымен «Отбасы банк» АҚ арасында келісім шарт түзілуде. Республикалық және жергілікті бюджеттен қаражат бөлінген соң тұрғын үйдің жалдау ақысын субсидиялау бойынша өтінімі мақұлданған азаматтардың 50 пайыз жалдау ақысы мемлекет тарапынан төленетін болады»,-деді басқарма басшысы.

Отбасы мүшесінің санына байланысты максималды субсидияланатын сома мемлекет тарапынан бекітілген, ол 85678 теңгеден аспайды. Тұрғын үй жалдау төлемдерін субсидиялау бағдарламасына кезекте тұрған 1 және 2 топтағы мүгедектер, мүмкіндігі шектеулі балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар, ата-анасының қамқорлығынан айырылған балалар, көп балалы отбасылар қатыса алады. Баспана ақысын субсидиялау үшін үміткерлер қатарындағы отбасылардың соңғы 6 айдағы орташа жиынтық табысы отбасының әрбір мүшесіне шаққанда ең төменгі күнкөріс деңгейінен (1 КМ = 36 018 теңге 01.01.2022 ж. жағдай бойынша) аспауы тиіс. Бүгінде өтінімдер электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) көмегімен www.otbasybank.kz сайтында онлайн түрде қабылдануда. Сонымен қатар, субсидия алуға үміткердің банктік ағымдағы шоты болуы тиіс.

Азаматтар тұрғын үйдің жалдау ақысын субсидиялау бойынша қосымша ақпаратты Бейбітшілік 3, мекенжайында орналасқан «Amanat» партиясының қалалық филиалындағы «Отбасы банк» қызметкерлерінен алуға болады.

Пікір жазу