Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ШЫМКЕНТ: БИЫЛ ҚҰРБАН АЙТ НАМАЗЫ 9 ШІЛДЕ КҮНІ ТАҢҒЫ САҒАТ 6:40 ҚАЛАНЫҢ БАРЛЫҚ МЕШІТТЕРІНДЕ ОҚЫЛАДЫ

ШЫМКЕНТ: БИЫЛ ҚҰРБАН АЙТ НАМАЗЫ 9 ШІЛДЕ КҮНІ ТАҢҒЫ САҒАТ 6:40 ҚАЛАНЫҢ БАРЛЫҚ МЕШІТТЕРІНДЕ ОҚЫЛАДЫ

Бүгін Шымкент қаласы Ақпарттық-коммуникациялық орталығының брифинг алаңында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахманов пен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Шымкент қаласының бас имам орынбасары Мұхамеджан Естеміров қасиетті Құрбан айт мейрамына байланысты БАҚ өкілдеріне брифинг берді, деп хабарлайды қалалық ақпарттық-коммуникациялық орталығына сілтеме жасаған didarbek.kz.

Шымқаламыздың Бас имамы биылғы жылы Құрбан айт намазы Шымкент қаласында орналасқан барлық мешіттерде 2022 жылы 09 шілде күні таңғы сағат 6:40 оқылатынын мәлімдеді.

«Қаржылай мүмкіндігі бар, əрі жолаушы емес мұсылманға құрбандық шалу – уəжіп, мұсылмандық міндет. Ал шамасы келмеген адамға Алла Тағала мұндай міндет жүктемеген. Айт күндері аз да болса садақа беріп, қараусыз қалған қарттарға, жетімдер мен көпбалалы отбасыларға көңіл бөлу – сауапты іс болып табылады.

Құрбан айт намазын оқу, қатысу ер азаматтарға уажіп амал болып саналады. Мұсылман қауымын мейірімділік пен бірлікке үндейтін мерекеде барынша жақсылық жасауға тырысайық», -деді спикер.

Сондай-ақ, мереке күндері құрбандық шалушылар мен көмек алушыларға барынша ыңғайлы және ашық болуы үшін ҚМДБ-ның https://www.qurban2022.kz/ru/ сайты арқылы онлайн және офлайн құрбандық шалу рәсімдері мен мешіттерде қайырымдылық шаралары ұйымдастырылатын болады.

Үш күн бойы санитарлық талаптардың барлығына сәйкес келетін арнайы «Бозарық» қасапханасы мен қаланың төрт мешітінде бекітілген адамдар қызмет жасайтын болады.

Толық ақпарат алу үшін Шымкент орталық мешіті жанындағы «Құрбан айт «Call-Center» орталығы мен +7708 478 48 72 ұялы телефонына хабарласуларыңызға болады.

 

 

Пікір жазу