Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ШЫМКЕНТТЕ ӨҢІРЛІК КОМИССИЯНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

ШЫМКЕНТТЕ ӨҢІРЛІК КОМИССИЯНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Шымкент қаласының әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Комиссия төрағасы, қала әкімнің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан, құзырлы мемлекеттік органдар және жергілікті үкіметтік емес ұйым басшылары қатысқан жиында Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын іске асыру бойынша бірқатар мәселелер қаралды.
Алдымен өңірлік комиссияның 2022 жылға арналған жаңа редакциядағы жұмыс жоспары мен регламенті бекітілді. Комиссияның құрамы қайта қаралып, жаңа мүшелермен толықты.
Сондай-ақ, бекітілген жоспарға сәйкес, «Әйелдердің репродуктивті денсаулығын қорғау: ана мен бала өлімінің проблемалары, «Бақытты жанұя» орталығының қызметі, отбасылық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен азаматтардың дағдарыс орталығындағы жағдайы, ҚР 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын іске асыруда Әл-Фараби ауданында атқарылған жұмыстар және тағы басқа бірқатар мәселелер талқыға түсті.
Отырыста көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға көрсетіліп келетін көмектің жай-жапсарын баяндалды. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «Бақытты жанұя» орталығы республикада алғаш жұмысын бастаған мекеменің бірі. Орталық басшысы Абибулла Қалымбет мұнда 11 мыңнан астам аз қамтылған және көп балалы аналардың мұқтаждықтары тіркелгенін атап өтті. Оларға түрлі деңгейде қызметтер көрсетілуде.
«Бақытты жанұя» орталығының басшысы 4 269 ана жұмыспен қамту шараларына тартылған, 1225 ана қоғамдық жұмыспен қамтылғанын және 2 882 ана тұрақты жұмыспен қамтылған. Сонымен бірге, 373 ана кәсіптік тегін оқу курсынан өтіп, 162 ана мемлекеттік грант алған.
Бұдан бөлек, жиында «Әйелдердің репродуктивті денсаулығын қорғау: ана мен бала өлімінің проблемалары туралы» денсаулық сақтау басқармасының басшысы Н.Асылбеков, «Қиын өмірлік жағдайға тап болған, отбасылық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен азаматтардың дағдарыс орталығындағы жағдайы, өзекті мәселелері туралы» №3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының басшысы Н.Асанов баяндама жасады.
Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Асылбековтың айтуынша, жыл басынан бері қалада ана өлімі 4 пайызға азайған. Алайда нәресте өлімін азайту бойынша әлі де жұмысты жандандыру қажет.
Қала әкімінің бірінші орынбасары әлеуметтік мәселелер бойынша, атап айтқанда, ана мен бала денсаулығын қорғау, өлімді азайту, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың негізгі себептеріне терең талдау жүргізу керектігін айтты.
Жиын қорытындысы бойынша Өңірлік комиссия тарапынан тиісті жұмыстарды жүргізу бойынша бірқатар құзырлы органдарға ұсыныстар берілді.
Т.ҚАСЫМОВ
ФОТО: С.ҚОСАЕВ

Пікір жазу