Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ШЫМКЕНТТІК ТҰРҒЫНДАР ЖЕР ТЕЛІМДЕРІ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТІ ЕGOV.KZ АРҚЫЛЫ АЛА АЛАДЫ

ШЫМКЕНТТІК ТҰРҒЫНДАР ЖЕР ТЕЛІМДЕРІ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТІ ЕGOV.KZ АРҚЫЛЫ АЛА АЛАДЫ

Енді тұрғындар өздерінің ЖСН/БСН-де тіркелген жер учаскелері туралы мәліметтерін электрондық порталдан (egov.kz.) ала алады. Бұл қызметті қалай алуға болатыны туралы «Азаматтарға арналған үкімет» Шымкент қалалық филиалының өкілдері айтып берді.
Қызметті алу үшін электронды порталда авторизациядан өтіп, «Жылжымайтын мүлік» бөлімінде «Мемлекеттік жер кадастрынан мәліметтер беру» қызметін таңдап, онлайн тапсырыс беруқажет. Содан кейін қызмет алушыға ЖСН/БСН көрсетіледі, кейін «Жердің бар-жоғына сұрау жіберу» батырмасын басу қажет. Тіркелген жерлер болмаған жағдайда мәртебе бірден көрсетіледі және «Анықтама алу»батырмасы пайда болады.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Шымкент бойынша филиалының өкілі Алтынай Татаеваның айтуынша, меншік иелері барлық тіркелген жерлер туралы толық, егжей-тегжейлі ақпаратты анықтама түрінде ала алады. Ол үшін сізде ЭЦҚ болуы немесе мобильді азаматтар базасында тіркелу қажет. Өтінім өңдеу 15 минутты алады.
Нәтижесінде қызмет алушы бір мезгілде 10 жерге дейін таңдау мүмкіндігі бар мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде тіркелген мекенжайы, ауданы және нысаналы мақсаты туралы ақпараты бар ақпарат ала алады, кейіннен анықтама алу үшін жеке кабинетке өтіп, толық егжей-тегжейлі ақпараты бар жерлердің тізімін алады.
Бұған қоса, «Азаматтарға арналған үкімет»Мемлекеттік корпорация жер кадастры саласы бойынша мынадай коммерциялық қызметтер көрсетеді: кез келген күрделіліктегі жерге орналастыру жобаларын әзірлеу (ЖТҚ, ЖҚШ, үй-құрылыстар, ш/қ, гараждар, жер қойнауын пайдаланушылар, инфрақұрылым объектілері); жергілікті жердегі жер учаскелерінің шекараларын белгілеу; ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын айқындау; мемлекеттік жер кадастры мәліметтерін ұсыну және т. б.

Пікір жазу