Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » «МОБИЛЬДІ АРБАТ 2» ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

«МОБИЛЬДІ АРБАТ 2» ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

Шымкентте «мобильді арбат» жәрмеңкесі екінші рет өтті. Қолөнершілерді қолдау мақсатында ұйымдастырылған шараға қызығушылық танытқандар қатары көп болды. Шеберлер ұсынған түрлі нақыштағы туындылар шараның көркін қыздырды.

Іс-шараның мақсаты – жергілікті шеберлерді насихаттай отырып, туристік өнімдерді жарнамалау, дейді ұйымдастырушылар.

– Жәрмеңкені қаланың әр көшесінде маусым сайын ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз. Онда қолөнершілердің бұйымдарын, қазақтың ұлттық өнімдерін қала тұрғындарына ұсынамыз. Сонымен қоса, қазақтың салт-дәстүрін дәріптеуде жастар арасында ұлттық ойындар ұйымдастырылады. Екінші жағынан, бұл жәрмеңке туристердің назарын аударады, — деді «Visit Shymkent» туристік-ақпараттық орталығының басшысы Ерлан Сүйіндікұлы.

Мобильді арбат жәрмеңкесі бұған дейін сәуір айында өткен. Осымен екінші рет ұйымдастырылып жатқан шараға өз өнімдерін ұсынған қолөнершілердің саны қырыққа жуықтаған. Солардың бірі сүйікті ісін кәсіпке айналдырған Зейнепкүл Ахметова. Қолөнермен айналысып жүргеніне бес жыл болған.Қазақтың тақиясы мен сәукелесін, қыз жасауы мен құрақ көрпе тігіп, сапалы бұйымдар шығаруда.

Клаудия Вареля Колумбияның мемлекетінің Кали қаласының тұрғыны. Қазақстанға алғаш рет келуі. Шымқалаға жұмыс сапарымен келген қадірлі қонақ  қолөнершілердің бұйымдарына қызығушылық танытыпты. Шымшахардың мәдениеті мен қонжайлығына, тағамы мен ауа райына дейін тәнті болғанын айтады.

Мұз айдыны ғимаратының алаңында өткен шараға келгендер, жәрмеңке аяқталысымен тегін кино да көрді. Салаға жауаптылар жәрмеңкені енді әр маусым сайын әр түрлі мекен-жайда өткізуді жоспарлап отыр. Қазақи нақыштағы төл туындыларды сатып алып, қолөнершілерге қолдау көрсетуге шахар тұрғындарын да шақырады.

Арбатқа жиналғандар қолөнершілердің шеберлігіне тамсанып, еңбегін бағалап, қолдан шыққан бұйымдарына қызығып сатып алуда. Жалпы қолөнершілердің ұлттық нақышта жасаған бұйымдарына шетелдік туристердің де тарапынан сұраныс артып келеді.

 

Пікір жазу