Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Спорт » БҮКІЛ ӘЛЕМДІК ШАХМАТШЫЛАР КҮНІ — ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА АТАЛЫП ӨТТІ

БҮКІЛ ӘЛЕМДІК ШАХМАТШЫЛАР КҮНІ — ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА АТАЛЫП ӨТТІ

Бәрімізге белгілі, елімізге құрылыс саласында танымал болған BI Group инновациялық құрылыс холдингі, Шымкент қаламыздың гүлдену мен шырайын келтіруде өз үлестерін қосып келеді.
Аталған құрылыс компаниясы, алғашқы рет BI Chess Халықаралық шахмат күніне орай, қаладағы «Орталық саябақта» ашық аспанда Асанбай Асқаров атындағы алғашқы шахматтан BI CHESS рейтингілік турнирін ұйымдастырды.
Асанбай Асқаров —  көрнекті мемлекет, саясат және қоғам қайраткері, ақын, мемуаршы, зерттеуші, Алматы, Жамбыл және Шымкент облыстарының Кеңес Одағы кезінде партия комитеттерінің бірінші хатшысы болып 25 жылдан астам халқымызға еңбек етіп, Социалистік Еңбек Ері атағының иегері болған. Сондықтан да аталмыш турнир Асанбай Асқаровтың жүз жылдығына арналып өткізілді.
Болашақта ұйымдастырушылар осы аталмыш шахмат турнирін, жыл сайын ұйымдастырып дәстүрге айналдырмақ ойда. Шахмат жарысына қатысуға қала тұрғындарының 125 шахматшылары қатысып, турнирге 2-ші және одан жоғары санаттағы шеберлер мен арнайы іріктеу турынан өткен түрлі салалардың әуесқой ойыншылары қатысты. Жарыс екі жас санатында өткізілді, яғни жастар тобымен ардагерлер тобы деп бөлінген. Жастар тобында 44 адам, ал ардагерлер тобында 88 адам қатысты турнирге. (60 жасқа дейін және 60 жастан жоғары). Жастар 9 топ, ардагерлер 7 топ болып шахмат турнирінде ойындарын көрсетті. Ең жас қатысушы 7 жастағы 3 оқушы болса, ал жасы үлкен қария 85 жастағы Ни Олег шахмат ойының ардагері болды.
BI Chess швейцариялық жүйе бойынша өткізілді. Жарыстағы уақыт бақылау өлшемі 10 + 5 құраса. Соңғысы әр қатысушыға бір ойынға 10 минут, оның ішіндегі 5 секунд жүріс жасауға берілгенін білдіреді.
Қаламызда алғаш рет ұйымдастырылып отырған шахмат ойының турнирі, қала тұрғындарының бұқаралық спортты дамытуға өз үлестерін қосатыны сөзсіз.
Негізі, Шамхат ойының тарихы өте теренде жатыр. Шахмат ойыны алғашқы болып Үндістан елінде пайда болғаны баршамызға аян. Турнирге қатысушылар мен қонақтарына ұйымдастырушы құрылыс компаниясы тарапынан баршаларына түскі ас берілді. Турнирге қатысқан жеңімпаздар FIDE ережесіне сай анықталып, жүлделермен марапатталды.

Пікір жазу