Бүгін қала әкіміне Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының 6 айда атқарған жұмыстары туралы басқарма басшысы М.Шотанов есеп берді, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі.
Қазіргі таңда Шымкент қаласы бойынша 245 мыңнан аса жастар болса, оларға қолдау көрсету мақсатында 4 ауданнан жастар ресурстық орталықтары ашылып, жыл басынан бері 21 мың жасқа қызмет көрсеткен. Одан бөлек, 9 ірі сауда орталығында жастар ұйымдары құрылған. Олар кәсіпкерлікті дамыту және заңдастыру, спорттық шараларға тарту сынды бағытта жұмыс жасайды.
«Профновигация» жобасы аясында мектеп оқушыларына кәсіптік бағдар жұмыстары бойынша 56 кездесу мен семинар-тренингтер, кәсіпорындарға экскурсиялар ұйымдастырылды.
Жастарды жұмыспен қамту мақсатында: NEET санатындағы жастар туралы тұжырымдама әзірленіп, бекітілді. Жыл басынан 27 рет бос жұмыс орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылып, 4 100 жас қамтылды. «Мобильді топ» 48 шалғай елдімекенді аралап 15 000 астам жасқа ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілді. 6 828 жас мемлекеттік бағдарлама аясында жұмыспен қамтылды. Оның ішінде 162 жас алғашқы жұмыс орындары, 123 жас әлеуметтік жұмыс орындар, 3 623 жас тұрақты жұмыспен, 996 жастар практикасымен, 1 924 жас қоғамдық жұмыс орындарына жолданған.
Қала әкімі – «Жастарды кәсіпкерлік іске баулу, жұмысқа орналастыру, оларға заманауи технологияны меңгерту күн тәртібінен түспей отырған өткір мәселелердің бірі. Әлеуметтік мәселесін шешу үшін, алдымен жұмыс мәселесін шешу қажет. Жұмыс істеймін деген жасқа мүмкіндік көп. Соны түсіндіру, жан-жақты қолдау көрсету – міндетіміз. Жастар орталықтарында осы бағыттағы жұмыстар күшейтілсін, — деп тапсырды.