Шымкент мектептерінде биылғы жаңа оқу жылына 28 мың оқушы қабылданады. Қалалық білім басқармасының өкілдері бірінші сыныпқа баратын бала саны өткен жылдағыдан 3 мыңға өскенін айтып отыр. Осылайша білім беру ұйымдарында сынып саны толып, үш ауысымды мектептерге шектік норма қойылды, деп хабарлайды «Оңтүстік» телеарнасына сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі.
Шымкенттегі №47 жылпы білім беру мектебінде бірінші сыныпқа 200 бала қабылданды. Алайда біраз жылдан бері бала санының көптігінен оқу кабинеттерінің жетіспеушілігі туындап, ұстаздар бөлмесі мен директор кабинеттерінде бала оқытуға тура келді .Сондықтан өткен жылы қосымша ғимараттың құрылысы басталды. 300 орынға лайықталған жаңа нысанды уақытынан бұрын тапсырып, оқу жылының басында пайдалануға беру жоспарланды.
Шымкенттегі ең көне мектептердің бірі – №1 гимназия. Мұнда да бала санының көптігінен оқушылар үш ауысымда білім алуға мәжбүрБұл мәселені шешу үшін мектеп басшылығы уақытша арендалық нысан іздестіріп жатыр. Алайда әлі де талапқа сай келетін нысан табылмай тұр.
Ал қалалық білім басқармасының басшылығы биылғы оқу жылына қабылданған бала саны рекордтық көрсеткішке жеткенін хабарлады. Сәйкесінше бала саны тығыз мектептің де үлесі көп. Бұл мәселені оңтайлы шешу үшін жаңамектеп салу ісіне басымдық берілді.
Дәл осы қарқынмен Шымкенттегі үш ауысымды мектеп меселесін түбегейлі шешудің жоспары әзірленді. Осылайша алдағы бір жылда жаңа білім беру мекемелерінің құрылысы артып, бала саны тығыз мектептердің үлесі азаймақ. Әзірге орын саны толған мектеп басшылығы ата-аналарға өз балаларын жеке-меншік мектептерге беру ұсынылып жатыр. Бұл білім ұйымдары жан басына қаржыландырудың мемлекеттік тапсырысы шеңберінде оқушыларды тегін қабылдайды.