Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » КӘСІПКЕРЛІК НЕГІЗДЕРІНЕ ОҚЫТУ ЖАҢА ФОРМАТТА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

КӘСІПКЕРЛІК НЕГІЗДЕРІНЕ ОҚЫТУ ЖАҢА ФОРМАТТА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

Шілде айының 25-нен бастап «Бастау Бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жаңа форматта қолжетімді. Өз ісін бастауды жоспарлап отырған азаматтар Skills.enbek.kz платформасы арқылы онлайн режимде бизнес жүргізу үшін базалық білім мен дағдыларды ала алады.

Оқу курсына жазылу үшін Business.enbek.kz порталда тіркелу, оқыту шарттарына сәйкестігіне автоматты тексеруден өту қажет. Шарттарға сәйкес болған жағдайда қатысушы Skills.enbek.kz платформаға өтіп, оқуға кірісе алады. (ЭЦҚ болуы шарт).

Оқуға өтінім беру мерзімі жыл соңына дейін жалғасады.

Онлайн курсының қатысушылары бола алады:

1) жұмыссыз мәртебесі бар азаматтар;

2) ісін жаңа бастаған және жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлер;

3) зейнеткерлік жасқа жетпей жұмыстан қысқартылатын қызметкерлер;

4) жеке кәсіпкер ретінде тіркелмей кіріс алу мақсатында тауарларды өндіру (өткізу), жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету жөніндегі қызметті дербес жүзеге асыратын тұлғалар және (немесе) жұмыс істемейтін жеке кәсіпкерлер;

5) отбасылық кәсіпкерлікте ақы төленбейтін қызметті дербес жүзеге асыратын тұлғалар;

6) табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен, сату (айырбастау) үшін жеке қосалқы шаруашылықта өнім өндіру жөніндегі қызметті дербес жүзеге асыратын тұлғалар;

7) табыстары ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен өндірістік кооперативтердің мүшелері.

Оқыту 14 күнтізбелік күннен аспайды. Әр қатысушы курсты жеке-жеке меңгерумен айналысады. Оқу толығымен тегін.

Оқыту келесі кезеңдерден тұрады:

— бірнеше модуль бойынша онлайн оқыту курсы;

— қорытынды тестілеу;

— оқудан өткені туралы сертификат алу.

Оқу барысында пайдаланушы бірнеше сабақтардан тұратын 12 модульден өтуі керек. Әрбір модуль аяқталған соң аралық тестілеу өткізіледі. Келесі оқу модуліне өту үшін қатысушы тестілеуді тапсыру кезінде дұрыс жауаптардың кемінде 70%-ын жинауы керек. Аралық тестілеуден өту әрекеттерінің саны шектелмейді.

Онлайн курсы барысында егер қатысушы қорытынды тестілеуді тапсыру кезінде дұрыс жауаптардың 70% — дан астамын жинаған жағдайда өтті деп есептеледі. Дұрыс жауаптардың 70%-ынан төмен жинаған қатысушыға қорытынды тестілеуден 2 рет қайта өту мүмкіндігі беріледі.

Оқыту қорытындысы бойынша қатысушы бірегей нөмірі бар электрондық сертификат алады. «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту туралы сертификаттың қолданылу мерзімі 3 жылды құрайды.

«Бастау Бизнес» жобасы шеңберінде кәсіпкерлік негіздеріне оқыту»  онлайн курсынан өткен қатысушылар ұлттық жоба шеңберінде бизнес-идеяларды іске асыруға грант алуға үміткер бола алады.

 

 

Пікір жазу