Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » Шымкент: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында жеке құраммен жедел кеңес өтті

Шымкент: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында жеке құраммен жедел кеңес өтті

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және жолын кесу мақсатында ЖПҚБ Патрульдік полиция полкінің командирі полиция полковнигі А.Жүзжасаров төрағалық еткен кезекті жиын өтті.
Іс-шараға Amanat партиясы Нұр-Сұлтан қалалық «Бірлік» филиалының атқарушы хатшысы Ш.Қожахметов, КАС «Даму» атқарушы директоры А.Битебаева мен тәртіп сақшылары қатысты.
Жалпы күн тәртібінде жеке құрам арасында тәртіп пен заңдылықты сақтау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңының талаптарын бұзбау туралы толығырақ талқыланды.
Жедел кеңесте Патрульдік полиция полкінің командирі полиция қызметі мен сыбайлас жемқорлықтың мүлдем сыйымсыз ұғым екенін жіті алға тартып, атқарылып жатқан ауқымды жұмыстар, алға қойылған жоба-жоспарлар жүйелі жүзеге асып жатқанын жеткізді.
Сондай-ақ, басқосу барысында парақорлыққа жол берген жағдайда қолданылатын заң талаптары, тағайындалатын жаза жөнінде бүкпесіз баяндалды.
Бұдан бөлек, жеке құрамға тиісті жұмыс кестемен қатар тұрмыста да қызметтік-әскери тәртіпті қатаң сақтау туралы ескертілді. «Жемқорлықтың бір ғана жайты – қылмыстық жауаптылық пен жұмыстан шығаруға әкеп соғады, сонымен қатар адамның өмір бойына мемлекеттік қызметте, құқық қорғау органдарында жұмыс істеу мүмкіндігінен айырады. Парақорлықпен күресу – әрбіріміздің міндетіміз. Ең бастысы отбасымызға жұмыстан кейін аман-есен қауышудың өзі үлкен қуаныш – деді, полиция полковнигі А.Жүзжасаров.
Айта кетейік, Шымкент қаласы Полиция департаменті алдағы уақытта да мұндай маңызы мол жиналыстарды жиі ұйымдастырып, тиісті заңнама мен талап-ережені қатаң құнттайтын болады.
Өз кезегінде шымкенттік полицейлер барша қоғамды және қала тұрғындарын елімізді өркендету жолында сыбайлас жемқорлық әрекеттерін болдырмау, тиісінше оның алдын алу бағытында аянбай, бірлесе әрі жұмыла қызмет атқаруға шақырады.

Пікір жазу