Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қазақстан жаңалықтары » ШЫМКЕНТТЕ «ЖАС КӨШБАСШЫЛАР АКАДЕМИЯСЫ» АШЫЛДЫ

ШЫМКЕНТТЕ «ЖАС КӨШБАСШЫЛАР АКАДЕМИЯСЫ» АШЫЛДЫ

Шымкент қаласында «Жас көшбасшылар академиясы» бастауыш мектебінде ашық есік күні өтті. 300 балаға лайықталған мектептің таныстырылымына қалалық білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева, ата-аналар және БАҚ өкілдері қатысты.
Бастауыш мектепте
жан басына қаржыландыру жүйесі арқылы ақысыз білім алады. Басқарма басшысының сөзінше, қалада үш ауысымды мектептердің азаюына жекеменшік мектептердің қосқан үлесі зор.
—Биыл Шымкент қаласында 1 сыныпқа қабылданған бала саны 28 мыңға жетті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3 мың балаға артық болып отыр. Қаламызда миграция мен туу көрсетші жоғары болғандықтан біз 5 мың балаға артық боларын болжаған болатынбыз. Осындай мәселенің оң шешімін табу жолында кәсіпкерлердің үлесі зор.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен елімізде 1000 мектеп салынады. Біздің қаланың үлесінде 101 мектеп бар. Оның 52-сі бюджет есебінен салынса, қалған білім мекемесі жекеменшік инвесторлардан қолдау тауып отыр. Жекеменшік мектептерде де оқыту үрдісі білім беру стандарттарына сай жүргізіледі. Бүгін ашылып отырған «Жас көшбасшылар академиясы» мектебінде де жан басына қаржылардыру жүйесі арқылы ақысыз білім алады. Ал, ұзартылған күн тобында қосымша білім алатын жағдайда ақы төлейді,- деді басқарма басшысы.
–Қазірдің өзінде ата-аналар балаларының құжатын осында тапсырып жатыр. Мектебімізде оқушы сыйымдылығы 300 орын. Барлық кабинеттер білім стандарттарына сай жабдықталып, жабық спорт алаңы, медициналық кабинет, асхана және ұзартылған күн тобына қатысатын балалардың демалуы үшін 25 төсек-орын әзірленген. Оқыту үрдісі мемлекет бекіткен стандарт негізінде жүзеге асырылады. Балалар жан басына қаржыландыру тетігі арқылы ақысыз білім алады, -дейді «Жас көшбасшылар академиясы» мектебінің құрылтайшысы Малика Абдалиева.
Көшбасшыларды тәрбиелеуді мақсат еткен мектептің өзге білім ұяларынан ерекшелігі сөз өнеріне басымдық берілген. Әрбір білім алушыға өнердің осы түрі тегін оқытылады. Қосымша қаржы сауаттылығы, робототехника және тоғызқұмалақ үйірмесінде ақылы оқиды. Сапалы білім беру жолында жоғары санатты ұстаздар мен шетелдік мамандар жұмылдырылған.
Мектепте ұзартылған күн тобы үшін 25 төсек-орын әзірленген. Одан бөлек, жабық спорт зал, кітапхана, асхана және медициналық кабинет жасақталған. Балаларды сапалы біліммен қамту үшін білікті ұстаздар жұмылдырылып отыр.
Айта кетейік, қазір мектепке қабылдау жүріп жатыр.Егер бала тек түске дейін пән сабақтарын оқыса, жан басына қаржыландыру бағдарламасына сай тегін білім алады. Ал, қосымша үйірме мен пән үйірмелеріне қатысатын болса бұл ақылы түрде жүзеге асады.

Пікір жазу