Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » СИНТЕТИКАЛЫҚ ЕСІРТКІ – ҚОҒАМ ДЕРТІ

СИНТЕТИКАЛЫҚ ЕСІРТКІ – ҚОҒАМ ДЕРТІ

Бүгін Шымкент қаласы қоғамдық кеңесі «Жастар арасындағы деструктивті діни ағымдар мен нашақорлықтың алдын-алу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Жиынның мақсаты – еліміздегі деструктивті идеологиялардың таралуы және олардың жастарға әсері, діни ағымдардан сақтандырудың маңызы, жастар арасындағы нашақорлықтың әлеуметтік алдын алудың өзектілігін талқылап, қоғамның пікірін білдіру.
Бүгінгі жиынға баяндамашы ретінде осы бағыттағы жұмыстарды жүзеге асыратын тиісті мемлекеттік орган басшылары мен сала мамандары шақырылды.
Атқарылып жатқан жұмыстарының ақпаратын Шымкент қаласының Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Бейсенбаев Арман Арун-Рашидұлы, Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма басшысының орынбасары Кеуенова Мөлдір Тұрсынбекқызы, Шымкент қаласы діні істері басқармасының ақпараттық-түсіндіру жұмысын үйлестіру бөлімінің басшысы Тулемисов Бакыт Алиякпарұлы баяндап, кеңес мүшелері тарапынан ұсынымдар енгізілді.

Шымкент қаласы қоғамдық кеңесінің мүшесі Евгений Яворскийдің айтуынша, өзі жүргізген зерттеулерге сәйкес, жасөспірімдер үшін синтетикалық есірткі еркін саудада, қолжетімді және арзан. Оған тапсырыс беру әріп танып, Telegram-ның тілін білгенге еш қиындық тудырмайды. Тіпті, Qiwi-әмиян, криптовалюта онлайн төлемдері арқылы тауарды «байланыссыз», бір-бірімен кездеспей саудалау жолға қойылған, — дейді қоғам белсендісі.

Бұл деректерді құзырлы орган өкілдері де растап отыр. Күрес күшейіп, қылмыс әшкереленгеннен пайда жоқ. Қоғам дертінің жолын түбімен кесу керек,-деп есептейді Полиция Департаменті бастығының орынбасары. Ал, оның ең қысқа жолы – есірткі тауарлары сатылатын интернет сайттарын толықтай бұғаттау.

Синтетикалық есірткінің таралуына тосқауыл қою қажеттігін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» Жолдауында да айтқан болатын. Өскелең ұрпақтың ертеңіне төндірер қатерлі қауіппен барша халық бірлесіп күрессе, іс нәтижелі болмақ, — дейді шараға жиналғандар.

Алдағы уақытта көтерілген мәселелерді шешу жолында және айтылған ұсынымдарды жүзеге асыру мақсатында қоғамдық кеңес тиісті органдарға қолдау көрсетіп, бірлесе жұмыстарды атқаратын болады.

 

 

Пікір жазу