Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » М.ӘЙТЕНОВ ЖЫЛУ ҚҰБЫРЛАРЫНЫҢ ДАЙЫНДЫҒЫН ТЕКСЕРДІ

М.ӘЙТЕНОВ ЖЫЛУ ҚҰБЫРЛАРЫНЫҢ ДАЙЫНДЫҒЫН ТЕКСЕРДІ

Жылу жүйелерінің тозу деңгейін төмендету мақсатында бұл жылы 19,4 шақырымдық ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Бүгінге дейін оның 17,8 шақырымы біткен, бұл 92 пайызды құрайды.
Соның ішінде, Толстой – Адырбеков көшесінде 357 метр жылу құбыры ауыстырылуда. Бүгінде оның 267 метрі аяқталса, қыркүйек айының соңына дейін толық ауыстырылып бітпек.
Жұмыс барысымен танысқан қала әкімі М.Әйтенов тиісті сала басшысына жылыту маусымы кезеңіне дейінгі қажетті шаралардың талапқа сай және уақытылы атқарылуын тапсырды.
Адырбеков-Жібек жолы көшесінде ұзындығы 4 шақырымды құрайтын магистралдық жылу құбырын ауыстыру жұмыстары осы жылдың маусым айында басталған. Қазіргі уақытта жалпы жұмыстың 40 пайызға жуығы аяқталған болса, толығымен 2023 жылы бітпек.
Нәтижесінде жылу құбырының тозу деңгейі төмендеп, 450-ден астам көп қабатты тұрғын үй сапалы және тұрақты жылумен қамтылатын болады.
М.Әйтенов жұмыстардың мезгілінде және сапалы орындалуын тапсырды.
Мегаполистегі жылыту орталықтарының бірі — “Қуатжылуорталық-3” МКК. Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов нысандарды тексеру барысында аталған мекемеге қарасты 838 шақырымдық құбырдың 80-ге жуығында ақау анықтаған болатын. Қазіргі таңда барлығы толығымен ретке келтірілді.
К-24 қазандығы Шымкент қаласы әкімінің 27.05.2019 жылғы №452 қаулысы негізінде «Қуатжылуорталық-3» МКК теңгеріміне берілген. 1977 жылдан бері қолданыста. Қуаттылығы 26,6Гкал/сағ құрайтын 2 дана ДКВР-20-13 қазандығымен жабдықталған.
Осы арқылы шаһардағы бірнеше нысан:
— 66 көпқабатты тұрғын үй;
— 20 бюджеттік нысан;
— 4 жеке сектор (жер үй);
— 30 басқа заңды тұлғалар (дүкен, асхана, дәріхана және т.б.) жылыту жүйесімен қамтылған.
Шахар басшысы бүгін мекеменің жалпы жылыту маусымына дайындығын пысықтап, тиісті сала басшыларына бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Пікір жазу