Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » Сарапшылар ҚТЖ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талқылады

Сарапшылар ҚТЖ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талқылады

Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ өңірлік филиалы мен желілік бөлімшелерінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізуде, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі.

Осы ретте, көлік прокуратурасының, табиғи монополиялар департаментінің, көліктік бақылау инспекциясының, кәсіпкерлер палатасының, кәсіподақтың және қоғам өкілдерімен диалог аясында аталған саладағы проблемалық мәселелер талқыланды.

Сарапшылар ҚТЖ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талқылады. Талдау барысында темір жол көлігімен жолаушылар және жүк тасымалы саласында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасау себептері мен шарттары зерделенетін болады.

Кездесу қорытындысы бойынша темір жол көлігімен жолаушылар және жүк тасымалы саласындағы бірқатар мәселелер, сондай-ақ АҚ қызметін регламенттейтін құқықтық актілердегі, ұйымдастыру-басқару қызметіндегі тәуекелдер талқыланды.

Осы саланың халық үшін маңыздылығын ескере отырып, ҚТЖ қызметіндегі халықты толғандыратын мәселелер бойынша  Департаменттің taldau2021.2022@gmail.com электронды поштасы және +7 747 741 76 28 WhatsApp нөмірі қосылған.

Айта кетейік, Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ өңірлік филиалы мен желілік бөлімшелерінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізудің басталғаны туралы хабарлайды. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы ақпарат және талданып отырған саланы жетілдіру бойынша ұсыныстарды taldau2021.2022@gmail.com электрондық поштасына жолдауға болады. Сіздің пікіріңіз біз үшін маңызды. Осы саладағы сыбайлас жемқорлықты жоюда азаматтық белсенділік танытыңыз!

Пікір жазу