Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ШЫМКЕНТ: «БОЗАРЫҚ» ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҚ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫН АЛҒАН

ШЫМКЕНТ: «БОЗАРЫҚ» ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҚ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫН АЛҒАН

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Шымкентте ауылшаруашылық өнімдерін терең өңдейтін өндірістік алаңдарды дамыту бағытында «Бозарық» тамақ өнеркәсібі индустриалды аймағы құрылуда. Жалпы 1500 жұмыс орнындық 23 млрд теңгені құрайтын 21 жоба іске аспақ.
Бүгінгі таңда аумағы 133 гектарды құрайтын аймақта инженерлік инфрақұрылым жүйелерінің құрылысы жүруде. Қала әкімі аталмыш аймаққа арнайы барып, құрылыс жұмыстарының барысын тексерді.
Мұнда қазір 15 шақырымдық суаққы жүргізу жұмыстарының 12 шақырымында аяқталған. Осы жылдың маусым айында ауыз су жүйесін тарту жұмысы басталған.19,3 шақырымды құрайтын электр желілері тартылуда.
Индустриалды аймақты инженерлік-инфрақұрылыммен қамту толығымен 2023 жыл соңына дейін аяқталады.
Айта кетейік, бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен кезекті инвестициялық штаб отырысы өтті. Штабқа ZOOM платформасы арқылы қосылған кәсіпкерлер жаңа инвестициялық жобаларын таныстырып, олардың өңір және ел экономикасына тиімділігі жөнінде ұсыныстарын айтты. Атап айтқанда «Агрополимер» ЖШС — полипропилен жібін шығармақ. Өндірісті 2023-2024 жылдары іске қосу жоспарда. Инвестиция көлемі 1,94 млрд теңгені құрайтын жоба нәтижесінде 41 адам жұмыспен қамтылады. «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағынан 2 га жер беруін сұрауда. Жоба мақұлданды. Сонымен қоса, сутегі асқын тотығын өндіретін «HYDROGEN ENERGY» ЖШС – 4 млрд теңгені құрайтын инвестициялық жоба 2023-2024 жылдары жүзеге асуы нәтижесінде 30 адамды жұмыс орнымен қамтымақ. Жылына 8 мың тонна өнім өндіруге қауқарлы. «Оңтүстік» АЭА-дан 2,4 га жер телімін беру мақұлданды.
Монтаж көбігін өндіретін жобаның құрылысын биыл бастау жоспарланған. 250 млн. теңгелік инвестициялық жоба нәтижесінде 20 адам жұмыспен қамтылады.

Пікір жазу