Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ТАЗАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ КЕЛІСІМШАРТ НЕГІЗІНДЕ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

ТАЗАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ КЕЛІСІМШАРТ НЕГІЗІНДЕ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

Бүгінде Шымкент қаласында тұрмыстық қатты қалдықтарды тазалау және тасымалдау жұмыстарына шағымданушылар көп. Жалпы бұл жұмыстар жеке тұлғалар мен мердігер мекеме арасындағы келісімшарттың негізінде жүзеге асырылады.
Келісімшартта көрсетілгендей өз міндеттемесін орындамаған компанияның үстінен сотқа шағымдануға, оған айыппұл салуға болады. Сонымен қаттар келісімшартты біржақты тәртіппен бұзып, басқа тасымалдаушымен келісімшартқа отыра алады.
Айта кету керек,  күнделікті тұрмыста пайда болатын қоқыс адам денсаулығына үлкен зиян келтіретіні белгілі.
Тұрмыстық қатты қалдықтардың уақтылы тасымалдануына ең алдымен, тұрғындардың өздері мүдделі болуы қажет. Себебі, — тазалық әркімнің ауласынан, табалдырығынан басталады.
Осыған байланысты қала басшысы қала көшелерінде арнайы қоқыс тастайтын жәшіктер орнату туралы тапсырма берген болатын. Берілген тапсырмаға сәйкес, Еңбекші ауданы аймағындағы Тәуке хан даңғылы мен Елшібек батыр, Ж.Аймауытов көшелерінің бойына кіші қоқыс жәшіктері орнатылды. Сонымен қатар, қала қонақтары мен тұрғындарына қолайлы орта қалыптастыру мақсатында орындықтар да қойылды. Қойылған орындықтар мен қоқыс жәшіктеріне қаланың логатипі мен Еңбекші ауданының аты жазылып, сәнделген. Шымкенттіктердің игілігіне арналып жасалған осындай арнайы заттарды ұқыпты пайдалану да маңызды. Алдағы уақытта қаланың 2021-2025 жылдарға арналған даму бағдарламасына сәйкес, қаланың басқа да орталық көшелеріне кезең-кезеңмен орындықтар мен кіші қоқыс жәшіктері орнатылатын болады. Жалпы, қала тазалығы күн тәртібінен түспейтін негізгі мәселелердің бірі. Соған сәйкес тұрғындар арасында белгіленбеген орындарға қоқыс тастау жағдайларын болдырмау мақсатында жұмыстар жалғасын таба береді.

Пікір жазу