Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » АЗАТ ШАҒЫНАУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ ТАБИҒИ ГАЗ ТҰТЫНА БАСТАДЫ

АЗАТ ШАҒЫНАУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ ТАБИҒИ ГАЗ ТҰТЫНА БАСТАДЫ

Шымкент қаласының Қаратау ауданына қарасты Азат шағынауданына көгілдір отын желісі жеткізілді. Мұнда жалпы ұзындығы 9 шақырымға жуық табиғи газ құбыры тартылып, нәтижесінде 519 абонент газ тұтынады.
Алғашқы газды қосу салтанатына қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы Әйтенов, әкімнің орынбасары Мақсұт Исахов, Қаратау ауданының әкімі Рахымберді Мүлкеманов, «ҚазТрансГаз Аймақ» мекемесінің Шымкент қалалық филиалының өкілдері қатысты. Жергілікті тұрғындар шаһар басшысы бастаған жауапты мамандарға аудандағы инфрақұрылымды жақсартудағы жұмыстар үшін алғысын айтты.
– Қала тұрғындарына есеп берген кездесулерде де айтылғандай, қаланы дамытудың 2025 жылға дейінгі бес жылдық жоспары бар, тиісті жұмыстар кезең-кезеңімен атқарылуда. Оның ішінде ең өзектілері – инженерлік инфрақұрылымды дамыту. Көп елдімекенде мектептер, су, жарық, газ және жол болмаған. Қазіргі таңда сол жұмыстар кезегімен атқарылуда. Бұл жолы Азат шағынауданындағы жаңақұрылыс аймағына табиғи газ беріліп отыр. «ҚазТрансГаз» мекемесіне газды тұрғындарға жылу маусымы басталғанша қосу тапсырмасы берілді, – деді Мұрат Дүйсенбекұлы.
Қала әкімінің айтуынша, жылдың соңына дейін тағы 7 елдімекенге газ беріледі. 2023 жылы Шымкент тұрғындарының көгілдір отынмен қамтылу көрсеткіші 90 пайызға жеткізу жоспары бар. Ал жалпы 2025 жылы бұл көрсеткіш 100 пайыз орындалмақ.
Айта кетейік, мұнда қазіргі уақытта «ҚазТрансГаз Аймақ» акционерлік қоғамының Шымкент филиалының өкілдері абоненттеу жұмысын жүргізуде.
Айта кетейік, табиғи газбен қамту қаладағы кезек күттірмейтін мәселенің бірі. Осы ретте биыл табиғи газбен қамту бойынша 1 магистралды желі, 15 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізіледі. Нәтижесінде табиғи газбен қамту көрсеткіші 93%-дан, 94,7%-ға дейін көтеріледі. 2023-2025 жылдары аралығында қаланың даму жоспарына сәйкес, жартылай қамтылған 17 елді мекенде және мүлдем қамтылмаған 3 елді мекенде табиғи газ жүйелерінің құрылысы салынып, қала тұрғындары, басқада нысандар 100% табиғи газбен қамтылады.

Пікір жазу