Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ОТБАСЫ КҮНІ ОТБАСЫЛЫ БОЛҒАНДАР НЕКЕ КУӘЛІГІН АЛДЫ

ОТБАСЫ КҮНІ ОТБАСЫЛЫ БОЛҒАНДАР НЕКЕ КУӘЛІГІН АЛДЫ

2015 жылы қыркүйектің екінші жексенбісі елімізде «Отбасы күні» болып белгіленген болатын. Содан бері осы мерекеге орай түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, мерекелік көңіл-күй сыйлау дәстүрге айналған.
Биылғы мерекеге орай жас отбасыларға «Неке қию куәліктерін» салтанатты түрде табыстау іс-шарасы ұйымдастырылды.
Қала тұрғыны Бақдәулет Әуелбеков пен Аружан Тұрғын мереке қарсаңында отбасын құруды жоспарлаған екен. Жас отбасылардың некесі мерекеде алғаш болып тіркелді.
Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Балмаржан Нарбекова некеге тұруға ниет білдірген жастарды құттықтап, отбасыларға неке куәліктерін табыс етіп, жауапты қадамдарына сәттілік тіледі.
Жалпы отбасы-адамзат баласының дүниеге шыр етіп келгенде, есігін айқара ашып енетін үйі, өсіп ержететін, тәрбие алатын аса қажетті, әрі қасиетті алтын бесігі. Қай заманда, қай елде болмаса да отбасының адамзат ұрпағына ықпал мен әсерін өмірдегі басқа еш нәрсені еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайды.
Айта кетейік, қалада 2022 жылдың 8 айында 4735 неке қию туралы акт жазбасы тіркелген. Шымкент қаласында 2020 жылы 6776, өткен жылы жалпы 7880 азамат отбасын құрса, жыл басынан бері 2946 мың жұп отбасын құрған. Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасында азаматтық құқықтық актілерін тіркеу бойынша 2021 жылдың 9 айына жалпы 21 550 хаттар қаралып, 50 850 азаматтық хал актілері тіркелген. Ал, басқармада азаматтық хал актілерін тіркеу бойынша 2022 жылдың маусым айына жалпы 13 963 хаттар қаралып, 24 934 азаматтық хал актілері тіркелді. «Азаматтық хал актілерін тіркеу» бөлімі 8 түрлі мемлекеттік қызмет түрлерін көрсетеді. Қызметтерді үйден шықпай-ақ, онлайн түрде алуға жағдай жасалған. Цифрлық жүйе арқылы некеге тұруға өтініш берген жұп АХАТ бөліміне бір айдан кейін құжаттарын алуға ғана келеді.

Пікір жазу