Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің 2018 жылғы 20 қарашадағы шешімімен Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени бірлестіктерін қоғамдық аккредиттеу ережесі бекітілген болатын. Ол 2021 жылғы 22 қарашада қайта жаңартылды. Осы ережеге сәйкес Шымкент қаласы бойынша республикалық этномәдени бірлестіктердің филиалдары мен жергілікті этномәдени бірлестіктер қоғамдық аккредиттеуден өтуде.
Айта кету керек, қазіргі кезде Шымкент қаласы бойынша 17 этномәдени бірлестік жұмыс жасайды.
2019 және 2022 жылдары аралығында 15 этномәдени бірлестік қоғамдық аккредиттеуден өткен.
Бүгін, 9 қыркүйек күні аккредиттеу комиссиясында 6 этномәдени бірлестіктердің (корей, грузин, армян, еврей, грек, шешен-ингуш) өтініштері қаралып, олар комиссия шешімімен аккредитациядан өткізілді.
Жалпы Қоғамдық аккредиттеу- этномәдени бірлестіктер, олардың филиалдары және құрылымдық бөлімшелерінің қызмет ету деңгейінің «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы Қазақстан Республикасы заңының белгілі бір өлшемдері мен талаптарына сәйкестігін айқындайды.
Айта кетейік, бүгінде Шымкент қаласы аумағындағы 23 тұрғын алапта этнос өкілдері жинақы қоныстанған. Осы аумақтағы тұрақтылықты сақтау, мемлекеттік саясат пен қолданыстағы заң талаптарын түсіндіру, жағымсыз жағдайлардың алдын алу бағытында жыл басынан бері 54 мақсатты кездесу өткізіліп, этносаралық қарым-қатынасқа ықпал ететін ықтимал жағдайларға талдау жасалды. Жиынға қатысушылар да осы құндылықтар жөнінде өз ойларын жеткізіп, пікір алмасты. Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанынан 17 этномәдени бірлестік қызмет атқарып жатыр. Ал, олардың жанында 21 шығармашылық ұйым мен 3 жексенбілік мектеп жұмыс істейді.