Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » «Shymkent Mobilography Fest» байқауы екінші рет өтеді

«Shymkent Mobilography Fest» байқауы екінші рет өтеді

Шымкент қаласында екінші рет «Shymkent Mobilography Fest» байқауы өтеді, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі.

Шымкентте жыл соңына дейін келуші туристер қатары артады. Ол үшін, MICE-туризм, яғни іскерлік және оқиғалы іс-шаралар қатары көбеймек. Осы мақсатта, еліміздің үшінші мегаполисі түрлі бағытта іс-шаралар өткізіп, қала экономикасына түсім жасап, Шымкенттің имиджін одан әрі дамытуды көздеген. Бұл бағытта, жыл соңына дейін «Мобилография» фестивалімен «Shymkent Tourism Awards»туристік форумы секілді бірқатар ауқымды оқиғалар қатарын өткізу жоспарлануда. Бүгінде, Шымкенттің тарихи, мәдени орындарына саяхаттау мақсатында түрлі туристік маршруттар әзірленіп, олар жайлы ақпарат беретін гид-экскурсоводтар қызмет етіп, туристік автобустар жолға қойылған.

Ендігі, әр мезгілде мерекелерге арналған іс-шаралар көбейетін болады. Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы Ерлан Қыдыров бұл тұста басқарма тарапынан жыл басынан бері 6 ай ішінде оқиғалы және іскерлік шаралар қатарында «ДәмДәсTour», «Balmuzdaq Fest», «Мобильді арбат» іс-шаралары мен Туристік ақпараттық орталықтардың бірінші Халықаралық слеті,«Мото маусымының ашылуы», «Explore Zhana Qazaqstan: Ontustik»экспедициясы нәтижелі өткенін айтты. Шымкенттің туристік мүмкіндіктері елімізде және шетелдерде өтіп жатқан халықаралық көрмелерде кеңінен насихатталуда. Айта кетейік, өткен жылы Шымкент қаласында Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының ұйымдастыруымен «Креативті индустрия» бағыты аясында мобилографтардың «Shymkent Mobilography Fest» республикалық фестивалі өтті.

Шараға қатысуға 900-ге жуық адам өтінім білдірген. Қатысушылардың басым бөлігі Шымкент және Нұр-Сұлтан, Алматы, Түркістан қалаларынан болды. Олар сайыстың алғашқы күнінде алдын ала берілген «Welcome to Shymkent» тақырыбында қала туралы имидждік және креативті жарнамалық бейнероликтер түсірді. Дайын бейнероликтерді елімізде мобилография саласын дамытқан Қыран Талапбек бастаған комиссия мүшелері бағалап, жеңімпаздар тізімін жариялады. Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табысталды.

Пікір жазу