Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » Мақсаты айқын, үміті зор Жолдау

Мақсаты айқын, үміті зор Жолдау

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына арнаған Жолдауы жаңа Қазақстанды дамытуда өте үлкен мәселелерді шешуді міндет етіп қойды. Бұл Жолдауда қазақстандық қоғамды толғандырып жүрген өзекті мәселелердің нақты шешімі табылғаны, көкейкесті сұрақтарға жүйелі жауаптар берілгені, халықтың талап-тілектері барынша ескерілгені анық байқалып тұр.
Жолдау біркелкі қоғамның бейнесі қалай болуы керектігін айқындап берді. Мысалы, алдағы уақытта арнайы қор құрылып, 18 жасқа дейін балалардың шотына Ұлттық қордың инвестициялық табысынан ақша аударылып отырады. Бұл ақша 18 жасқа дейін алынбайды. Кейін оны үй алуға, оқуға жұмсай алады. Жолдауда бұдан басқа да бірқатар маңызды әлеуметтік өзгерістерді атап өтті. Ол – ең төменгі жалақының мөлшерінің 70 мыңға дейін өсетіні, 2028 жылға дейін әйелдердің зейнеттік жасын 61 жасқа дейін төмендейтіні, 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап бала күтімі бойынша төлемдердің 1,5 жылға дейін төленетіні секілді әлеуметтік маңызы бар жаңалықтар. Сонымен қатар, 100 мың жасты жұмыспен қамту туралы шешімі 100 мың отбасына үміт сыйлағанын айту керек.
Мұның барлығы қоғамда көптен бері көтеріліп жүрген, бірақ шешімі табылмай келе жатқан саяси мәселелердің алдыңғы қатарында еді. Президент Үкіметке мемлекетті дамытуға, халықтың әл ауқатын жақсаруға қатысты көптеген тапсырма берді.
Мемлекет басшысының бастамасымен қазіргі таңда халықтың талап-тілегін ескеріп, армандарын жүзеге асыруға барлық мүмкіндіктер қарастырылып жатыр. Ендігі мақсат – бүкіл ел болып жұмылып, жасампаз Жолдауда көтерілген игі бастамаларды іске асыру.
Тимур Шайдуллин,
«XIII Legion» салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының жетекшісі, «Ассамблея жастары» РҚБ Шымкент қалалық өкілдігінің мүшесі

Пікір жазу