Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ!

Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ!

Шымкенттік полицейлер тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әйелдерге көмек көрсетуде, деп хабарлайды Полиция департаментінің Баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі.
Шымкент қалалық Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасы Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі тобының қызметкерлері әйелдерге қатысты қылмыстың алдын алу және оның жолын кесу бағытында мақсатты жұмыстар атқаруда. Атап айтсақ, тәртіп сақшылары «Көмек» оңалту орталығына барып, зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әйелдерге көмек көрсетті.
Отбасындағы зорлық-зомбылық құрбандарының көпшілігі моральдық тұрғыдағы мінеуден қорқып, құқық қорғау органдарына шағымданудан бас тартып жатады. Осыған сәйкес, әйелдер мен қыздар арасында әйелдердің құқықтық сауаттылығын арттырып, зорлық-зомбылықтың түрлері мен себептерін зерделеп, алдағы уақытта қылмыстық әрекеттерді болдырмау бағытында тиісті профилактикалық іс-шаралар жүргізілуде.
Қазіргі күнде тұрақты проблемалардың бірі отбасындағы зорлық зомбылық мәселесі.
Зорлық-зомбылық құқықта – бір адамның екінші бір адамға, оның жеке басына тиіспеушілік құқығын бұзатын тәни және психикалық ықпал жасауы деп айтылған.
Психологиялық зорлық-зомбылық балаға көңіл бөлмеу, кері итеру, баланы қорқыту, бақылау, баланың мінезіне ықпал етуі және т.б. Зорлық-зомбылықтың алдын алу үшін біріншіден, мектеп мұғалімдері, психологтар, ата-аналар ат салысуы керек.  Зорлық-зомбылықтың алдын алу, халықтың арасында құқықты түсіндіру, барлық адамдарға құрметпен қарау қөзқарасын қалыптастыру.
«Отбасы — бұл қоғамның бір бөлшегі. Қоғам дамуы оның өміршеңдігіне, әл-ауқаты мен оның дұрыс қалыптасуына байланысты. Халықты отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы зорлық-зомбылық деректері туралы уақтылы хабарлауға және басқа адамдардың мәселесіне немқұрайлы қарамауға шақырамын», – дейді Абай ПБ ЖПҚБ әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшесінің аға инспекторы полиция майоры Айнұр Қарабаева.
Отбасындағы өзара келіспеушіліктер көбінесе ауыр салдарға әкеп соғады және одан көп жағдайда нәзік жандылар зардап шегеді. Өмірдің сынағымен бетпе-бет келген әйелдермен жұмыс істейтін ӘЗЗҚТ-ның инспекторлары тұрмыстық зорлық-зомбылыққа әлеуметтік жағдайдың төмендігі себеп болатынын атап өтті.

Пікір жазу