Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » «Біздің полиция» – Сухраб Арипов

«Біздің полиция» – Сухраб Арипов

5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне орай, «Біздің полиция» жобасы арқылы Шымкент қаласы Полиция департаментінде қызмет ететін этнос өкілдерін таныстыруды жөн көрдік. Оқырмандар назарына Шымкент ҚПД Әл-Фараби АПБ ЖПҚБ ювеналды полиция бөлімшесінің инспекторы – Сухраб Ариповты ұсынып отырмыз.
Бүгінгі кейіпкеріміз – Сухраб Махмудұлы 1988 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген. Ол бала күнінен тәртіп сақшысы болуды армандаған. Шымкент қаласындағы №6 орта мектепті аяқтағаннан кейін, 2006 жылы ҚР ІІМ-нің Ақтөбе қаласындағы «Заң» колледжінде «Құқықтану» мамандығын меңгереді. Содан соң, Халықтар достығы институтына түсіп, 2011 жылы жоғары білім алып, «заңгер» мамандығын меңгеріп шығады.
2008 жылдан бері Шымкент қаласы Полиция департаменті, Әл-Фараби АПБ ЖПҚБ ювеналды полиция бөлімшесінің инспекторы қызметін атқарып келеді. Бүгінде миллионды қала – Шымкенттегі №22 жалпы орта мектебі оқушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бекітілген. 2021 жылғы 12 ай көлемінде жалпы ҚР ӘҚБтК-нің баптарымен 41 әкімшілік хаттама толтырып, оқушылар арасында 1 жайсыз отбасыны, 3 жасөспірімді есепке алып, жұмыс барысында жоғары көрсеткіштерге ие болған қызметкерлердің бірі.
«Қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі — балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, қылмыстың өсуіне жол бермеу. Жасөспірімдердің қылмысқа баруының негізгі себебі – олардың нақты бір мақсат-мүддесінің жоқтығы. Бұл тұрғыда ата-аналардың көпшілігі жұмысбастылық салдарынан балаларына жеткілікті көңіл бөлмейтіндігін де айта кету керек. Дей тұрғанмен, бала – біздің болашағымыз екенін ұмытпай, дұрыс тәлім-тәрбие беру маңызды. Ал өзім өзбек ұлтының өкілімін. Өз ана тілімді де, мемлекеттік тілді де жетік меңгергенмін. Қос тілге де құрметім ерекше. Жұмыста мемлекеттік және ресми тілді қолданып, еркін жазып сөйлей алатынымды да айтқым келеді», – деп атап өтті тәртіп сақшысы.
Тәуліктің кез келген уақытында тынбай қызмет етуге серт берген полиция қызметкері Сухраб Махмудұлы отбасылы, зайыбы екеуі бір ұл және бір қызды тәрбиелеп отырған бақытты жанұя. Ол осылайша, қызметтес әріптестері арасында құрметке ие болса, мектеп мұғалімдері де тәртіп сақшысының қызметіне дән риза. 35 жастағы полицей көптің алғысын арқалай жүріп, спортты да ұмыт қалдырмай, Дзюдомен айналысып, «Қазақстан Республикасы спорт шебері» атағына ие болған.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

Пікір жазу