Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Үкімет отырысында еліміздің қаңтар-тамыз айларындағы әлеуметтік-даму қорытындысы барысында Шымкентте барлық сала бойынша оң динамика сақталғанын айтап өтті, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі.
Атап айтқанда:
• Өнеркәсіп өнім көлемі 583,2 млрд.теңге жетіп, нақты көлем индексі 107,1 пайызды құрады. Оның ішінде, өңдеу өнеркәсібі – 108,7 пайыз болып отыр.
• Инвестиция көлемі 276,2 миллиард теңге болып, 31,1 пайызға артты. Оның ішінде, мемлекеттік бюджеттен 68,9 миллиард теңге, жеке көздерден 207,3 миллиард теңге.
• Құрылыс жұмыстарының көлемі 91,7 миллиард теңге немесе 118,5 пайызды құрады.
• Пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 426,8 мың шаршы метр немесе 123,0 пайыз болды.
• Жалпы сауда көлемі 1 140,1 млрд.теңге болып, нақты көлем индексі 11,4 пайызға артты. Оның ішінде, бөлшек сауда 355,4 миллиард теңге, нақты көлем индексі 112,4 пайыз, көтерме сауда 777,1 миллиард теңге, 110,7 пайыз.
• Байланыс қызметі 5 427,6 млн. теңгені немесе 4,5 пайызға артты. Цифрландыру бағытында да көрсеткіш жоғары. Шымкент қаласы бұл бойынша республикада Нұр-Сұлтан, Алматыдан кейінгі үшінші орында.
Айта кетейік, 2022 жылдың төрт айында қала экономикасына 108,6 миллиард теңге инвестиция тартылған. Ал, 2021 жылдың қаңтар-қыркүйек айларының қорытындысы бойынша қала экономикасына 260,7 млрд теңге инвестиция тартылып, бұл көрсеткіш өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 38,8 %-ға артқан. 2021 жылы жалпы құны 152,6 млрд теңге, 2,5 мың жаңа жұмыс орнымен 63 инвестициялық жобаның іске асырылуы жоспарланған. Бүгінде 63 млрд теңгеге 33 жоба жүзеге асырылды. Жалпы қалада 2021-2025 жылдар аралығында жүзеге асырылатын құны 2,7 трлн. теңгеге 296 инвестициялық жобалардың базасы жасақталды. Жаңа 20 мыңнан аса жұмыс орындары ашылатын болады.
Оның ішінде, 2022 жылы құны 241 млрд. теңгені құрайтын 65 инвестициялық жоба іске асырылып, 2500 жаңа жұмыс орындары ашылуы жоспарлануда. Бұл жобаларға тұрақты мониторинг жұмыстары жүргізіліп, проблемалық мәселелерін шешу бойынша мемлекеттік қолдаулар көрсетілуде. Бүгінгі таңда қаланың инвестициялық тартымдылығын арттыру және инвестициялар тарту бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде.