Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ШЫМКЕНТ: Жастар арасында нашақорлықтың алдын алу бойынша кездесу өтті

ШЫМКЕНТ: Жастар арасында нашақорлықтың алдын алу бойынша кездесу өтті

Шымкентте жастар арасында нашақорлықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі.

Кезекті басқосу Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік Фармацевтикалық академиясының студенттерімен өтті. Іс-шараға Шымкент қаласының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі, полиция майоры Бауыржан Карбеков, психологиялық коуч-тренер Көмек Ертаев, «Шаңырақ» жастар мен жас отбасыларды қолдау орталығы» ҚБ басшысы Сабира Байзахова, практик-психолог Айсұлу Тұрсынбаева жетекшілік етті. Жастармен кездесудің басты мақсаты – есірткі заттарының, ішімдік пен темекі тартудың жас ағзаға зияны, болашақ өміріне келтірер қасіретін түсіндіру. Сондай-ақ, зиянды әдеттерден аулақ болып, салауатты өміру сүруге тәрбиелеу және «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» жобасы бойынша кеңес беру.

– ҚР Ішкі істер министрлігі және қала әкімдігінің тапсырмасына сәйкес «Жастар арасында нашақорлықтың алдын алу» және «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» тақырыбында түсіндіру шаралары жалғасып келеді. Жыл соңына дейін өңіріміздегі барлық білім беру мекемелерінің оқушылары және жоғарғы оқу орындарының студенттерімен аталған тақырып бойынша толыққанды түсіндірме жұмыстарын жүргізетін боламыз, — деді Бауыржан Карбеков. Құқық қорғау органдары жыл басынан бері 200-ден астам қылмыстық іс қозғалғанын, олардың ішінде 58-і 29 жасқа дейінгі жастардың қатысуымен орын алғанын мәлімдеді. Қазіргі таңда ҚР Ішкі істер министрлігінің тапсырмасымен арнайы бекітілген жоспар аясында барлық білім мекемелерінде есірткінің зардаптарын жүйелі түрде түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Айта кетейік, жыл басынан бері 4 000-нан астам есірткі саудасымен айналысып келген сайт бұғатталып, одан бөлек дәріханаларда есірткінің орнын алмастыратын препараттардың дәрігердің рұқсатынсыз сатылғандары тәркіленген.

Пікір жазу