Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » «Нашақорлықтың алдын алу»: Шымкентте студенттермен кездесу өтті

«Нашақорлықтың алдын алу»: Шымкентте студенттермен кездесу өтті

Шымкент қаласы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жастар арасында нашақорлықтың, маскүнемдіктің алдын алу мақсатында студенттермен кездесу өткізді, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі.

Бұл туралы Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Аталған басқосудың негізгі мақсаты — жастар мәдениеті, соның ішінде салауатты өмір салтын насихаттау, нашақорлықтың алдын алу, жастарды зиянды әдеттерден бойын аулақ ұстауға шақыру. Қазіргі таңда ҚР Ішкі істер министрлігінің тапсырмасымен арнайы бекітілген жоспар аясында барлық білім мекемелерінде есірткінің зардаптарын жүйелі түрде түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Іс-шараға Шымкент қаласының Полиция департаменті тарапынан есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі полиция майоры Бауыржан Карбеков және Политехникалық колледждің студенттері қатысты. Құқық қорғау органдары жыл басынан бері 200-ден астам қылмыстық іс қозғалғанын, олардың ішінде 58-і 29 жасқа дейінгі жастардың қатысуымен орын алғанын мәлімдеді. Кездесу аясында жастар арасында нашақорлық, жайында толыққанды мағлұмат берді. Сала мамандары нашақорлық індеті жер бетінде миллиондаған адамның өмірін жалмап жатқанын және аталған індеттің шекараны, жасты, нәсілді талғамайтынына тоқталды.

Сонымен қатар, есірткіден бойды аулақ салудың маңызын, салауатты өмір сүру салтын ұстанудың маңызды екендігін жеткізді. Айта кетейік, жыл басынан бері 4 000-нан астам есірткі саудасымен айналысып келген сайт бұғатталып, одан бөлек дәріханаларда есірткінің орнын алмастыратын препараттардың дәрігердің рұқсатынсыз сатылғандары тәркіленген. Статистикалық мәліметтерге сүйенетін болсақ, қазіргі таңда Шымкент қаласы бойынша 300-ден аса есірткінің заңсыз айналыммен қоса, түрлі құқық бұзушылығы анықталды.

Пікір жазу