Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен жастар арасында ұлтаралық татулық, жастардың діни танымдығы арттыру мақсатында кездесу өткізілді, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі.
Аталған іс-шараның мақсаты — жастар арасындағы ұлт аралық татулық жайлы түсіндіру. Президент жолдауын жастарға кеңінен насихаттау. Кездесуге Шымкент қаласының дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Аманкелді Нұрдәулет, Шымкент қаласы Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ-нің эксперті Жұмабаева Балнұр және МКҚК «М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжінің» студенттері қатысты. Кездесу барысында «Жастар арасында ұлтаралық татулық», «Жат ағымдардың сыртқы көрінісіндегі және мінезіндегі өзгешіліктері, олардың алдын алу жолдары» осы аталған тақырыптар бойынша түсіндерме жұмыстарын жүргізілді. Сонымен қатар Президент өз Жолдауында халықты толғандыратын жер қатынастары, білім беру, жастарды жұмыспен қамту, жаңа экономикалық саясат, нақты секторды дамыту және тағы басқа өзекті мәселелерге қатысты нақты ұсыныстары жайлы жастарға кеңінен түсіндірілді. Кездесу соңында студенттер тарапынан сұрақтар қойылып толыққанды жауап алды. Айта кетейік, бүгінде Шымкент қаласы аумағындағы 23 тұрғын алапта этнос өкілдері қоныстанған. Осы аумақтағы тұрақтылықты сақтау, мемлекеттік саясат пен қолданыстағы заң талаптарын түсіндіру, жағымсыз жағдайлардың алдын алу бағытында жыл басынан бері 54 мақсатты кездесу өткізіліп, этносаралық қарым-қатынасқа ықпал ететін ықтимал жағдайларға талдау жасалды. Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанынан 17 этномәдени бірлестік қызмет атқарып жатыр. Ал, олардың жанында 21 шығармашылық ұйым мен 3 жексенбілік мектеп жұмыс істейді.