Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » Шымкентте жылыту маусымына дайындық барысы пысықталды

Шымкентте жылыту маусымына дайындық барысы пысықталды

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен жылу беру маусымына дайындық бойынша кезекті жиын өтті, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі.

«3-Энергоорталық» АҚ-дағы 2 турбина, 3 қазандық ағымдағы, транформаторлар күрделі жөндеуден өтті. Қалған 3 бойлерді күрделі жөндеу 82%, қосалқы жабдықтарды ағымдағы жөндеуі 95%-ға орындалып, қалған жұмыстар 10 күн ішінде аяқталады. «Қуатжылуорталық-3» МКК-ға қарасты 15 жылу қазандықтың 13-і дайын. Қалған 2 қазандық дайындық үстінде. 17 сорғы стансалардан 15-і дайын, қалған екеуінде дайындық жұмыстары жүргізілуде. Жылу жүйелерінің тозу деңгейін төмендету мақсатында 19,4 км жылу жүйелеріне ағымдағы жөндеу жүргізіліп, бүгінге дейін 97% орындалды. 1987 көпқабатты тұрғын үйдің 93,7% яғни, 1863 үй жылыту маусымына дайын.

Атап айтқанда:

• Абай ауданы — 419 үй, дайындалғаны 377 үй, қалғаны 42 үй (90%);

• Әл-Фараби ауданы — 613 үй, дайындалғаны 552 үй, қалғаны 160 үй (90%);

• Еңбекші ауданы — 533 үй, дайындалғаны 485 үй, қалғаны 48 үй (91%);

• Қаратау ауданы — 422 үй, дайындалғаны 389 үй, қалғаны 105 үй (93%).

Өткен жылдардағы жылу беру маусымы көрсеткендей, дайындық жұмыстары мерзімінде жүргізілген көп қабатты үйлерде ақаулар орын алмаған, тұрғындар сапалы жылумен қамтылған. Қазіргі таңда 124 көпқабатты тұрғын үйде жұмыстар жалғасуда. Қалада 484 бюджеттік мекеме бар. Олар 99% дайын. Қала тұрғындарының көмірге қажеттілігі 66 мың тонна, бүгінгі күнге дейін қалаға 114,0 мың тонна көмір тасымалданған, қоймаларда 25 мың тонна көмір қоры бар. Инфрақұрылым жүйелерінің дайындығы 90 пайызды құрап отыр. Қала әкімі Мұрат Әйтенов қыс мезгілінде тұрақты және сапалы жылу берудің маңыздылығына тоқталып, тиісті сала басшыларына есептегі сандық көрсеткіштерді жіті тексеріп, істен шығу қауіпі бар нақты нүктелерді анықтауды тапсырды. Аяқталмаған күрделі жөндеу жұмыстарын қадағалап, қыркүйектің соңына дейін аяқтауды жүктеді.

 

Пікір жазу