Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » Шымкентте 60-қа жуық мемлекеттік қызметші біліктілігін арттырды

Шымкентте 60-қа жуық мемлекеттік қызметші біліктілігін арттырды

Жобалық менеджмент: ҚР СТ ISO 21500-2014 сертификаттауына дайындық бойынша мемлекеттік қызметшілерді оқыту бағдарламасы бойынша Шымкент қаласындағы жергілікті атқарушы органдардан 56 мемлекеттік қызметші біліктілігін арттырды, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі.

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Шымкент қаласы бойынша филиалының директоры Нысанбаев Әділет Әділбекұлы брифинг барысында мәлімдеді. Оның 26-ы сертификациядан табысты өтті. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне алғаш кірген мемлекеттік қызметшілер үшін 4 қайта даярлау курстарында 95 тыңдаушылардың стратегиялық ойлауы мен болашақ құзыреттіліктерін көтеруге, тиімді коммуникациялық дағдыларын арттыруға және өңірлік компоненттерге басымдық береді. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік басшы лауазымына алғаш тағайындалған 16 мемлекеттік қызметшілерге арналған 1 қайта даярлау курстарында лауазымды тұлғалардың стратегиялық менеджмент және кқшбасшылық тұрғыдан, жобалық және цифрлық мемлекеттік басқару, тиімді коммуникациялық құзыреттіліктері мен өңірлік компоненттер сүйене отырып оқыту бағдарламасы құралады. Дәрістерді филиалымыздың білікті профессорлары мен доценттері және арнайы конкурстан өткен тренерлер өткізеді.

Филиалда сабақ беретін оқытушы-профессорлар құрамының біліктілігін арттыруға ерекше назар аударылады. Бұл өз кезегінде қызметкерлердің кәсіби деңгейі мен еңбек өнімдігін арттыруға мүмкіндік береді. Академияның Шымкент қаласындағы филиалы 2022 жылға магистратура және докторантура бойынша білім беру бағдарламаларына оқуға қабылдау туралы жұмысын кешенді түрде ұйымдастырып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментімен бірлесе Шымкент қаласы әкімінің аппаратына, әкімдіктің 22 басқармасының мемлекеттік қызметшілеріне, орталық мемлекеттік органдарының аймақтық департамент қызметшілеріне 1 наурыз бен 23 шілде аралығында ақпараттық сессиялар, «Ашық есік» іс-шаралары, тікелей эфир, академияның түлектерімен және магистранттарымен кездесулер өткізілді.

Бұдан басқа, академияның магистратура және докторантура бойынша білім беру бағдарламаларына оқуға қабылдау ережелері туралы БАҚ-да мақала жарияланып, филиалдың сайтында және әлеуметтік парақшаларында оқуға түсу ережелерін орналастыру жүйелі түрде жүргізілді.

Пікір жазу