Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » САЙРАМ: ҚАРАБҰЛАҚТА БІРНЕШЕ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕНІҢ ОҢ ШЕШІМІ ТАБЫЛУДА

САЙРАМ: ҚАРАБҰЛАҚТА БІРНЕШЕ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕНІҢ ОҢ ШЕШІМІ ТАБЫЛУДА

Сайрам ауданының әкімі Ұласбек Сәдібеков Қарабұлақ ауылының тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі.
Жиында аудан әкімі аппараты ұйымдастыру бөлімшесінің басшысы Мади Нурлыбаев 2022 жылдың II тоқсанда жергілікті халықпен өткен кездесу барысында көтерілген мәселелері бойынша атқарылған жұмыстарды таныстырды.
Төмендегідей,
1. Ахмаров көшесінің 2,7 шақырымын жарықтандыру.
— Ахмаров көшесінің 2,7 шақырымына жарықтандыру жұмыстарын жүргізуге жобалық-сметалық құжаттары дайындалып, 2023 жылға жергілікті бюджеттен 28,8 млн. теңге қаржы қарастыруға ұсыныс енгізу жоспарлануда.
2. Қарабұлақ ауылының Жаңаабад және Хамза көшелерін ағымдағы жөндеу жұмыстарына бюджеттен қаржы қарастыру.
— Жаңаабад көшесін ағымдағы жөндеу жұмыстарына 57,3 млн теңгеге, Хамза көшесінің 2,75 шақырымын ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында 58,9 млн. теңгеге ЖСҚ-ы дайындалып, 2023 жылға аудандық бюджеттен қаржы қарастыруға ұсыныс берілді.
3. №101 жалпы орта мектебінің 1-ші қабатын ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге қаржы қарастыру.
— Аталған нысанды ағымдағы жөндеуден өткізу үшін 33,2 млн. теңгеге сметалық құжаттары дайындалған. Бүгінгі таңда жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қаржы қарастыруға Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасына ұсыныс жолданған.
4. №41 Жамбыл атындағы жалпы орта мектебінің ескі ғимаратының орнына қосымша 300 орындық мектеп құрылысын салу.
— Мектептің жанынан қосымша 300 орындық оқу ғимаратын салу үшін сәулет жоспарлау тапсырмасы дайындалған. Қазіргі таңда ЖСҚ-ын дайындау үшін облыстық салалық басқармасына ұсыныс жолданылған.
5. Мәдениет үйінің ғимаратын күрделі жөндеу жұмыстарына қаржы қарастыру.
— Ауылдық мәдениет үйінің ғимаратын күрделі жөндеуден өткізуге жобалық-сметалық құжаттары дайындалуда. 2023 жылдың бюджетіне қаржы қарастыруға ұсыныс берілетін болады.
6. Ауылдың орталық көшелері және адам көп шоғырланатын орындарына бюджет тарапынан бейнебақылау камерасын орнату.
— Түркістан облыстық Полиция департаменті тарапынан Қарабұлақ ауылдық округі орталық көшелеріне және адам көп шоғырланатын орындарға бюджет есебінен 6 дана «Сергек» және 30 дана бақылау камералары орнатылды.
Келесі кезекте ауылдық округінің әкімі Камилжан Абдилахатов «Ауыл – Ел тірегі» жобасы аясында жоспарға сәйкес атқарылған жұмыстарды баяндап өтті.
Кездесу барысында аудан әкіміне тұрғындар бірнеше өтініштері мен ұсыныстарын жеткізді.
Атап айтқанда, мәдениет саласына қатысты Қарабұлақ ауылынан тарихи құндылықтарды сақтайтын мұражай ашуға ықпал ету. Коммуналдық жүйелерді жақсарту мақсатында табиғи газ жүйесі тартылмаған үйлерді газ жүйесімен қамтамасыз ету, халық санының артуына байланысты тұрғын үйлер мен мекемелерге электр жарығының қуатын толық жеткізу үшін қосымша 1 қосалқы станция, сонымен қатар, жаңақұрылыс аумақтарына қоныстанған отбасы саны көбеюіне байланысты аудан бюджеті есебінен ауылға 5-6 дана трансформатор орнату қажеттіліктері туындауда. Орталықтандырылған ауыз су жүйесі, Шымкент қақпа, С.Сейфуллин, С.Рахимов көшелерін жөндеуден өткізу, Ғ.Ташниязов көшесіне жарықтандыру және жолаяқ құрылыстарын жүргізуге қаржы көзін қарастыру. Бұдан бөлек, жол қауіпсіздігін сақтау бойынша Далабазар және Элтай баба көшелерінің қиылысына автокөліктердің қозғалысын реттеу мақсатында зерделеу жүргізу, бағдаршам орнату, орталық Т.Рүстемов көшесінің көлік кептелісінің алдын алу мақсатында автотұрақ ашу, «Тәуелсіздік» саябағын автотұраққа ауыстыру мүмкіндігін қарастыру. Ауыл шаруашылығы саласына қатысты «Закира» каналына Қарасу өзенінен су жіберу мақсатында су сорғыш орнату.
Жоғарыдағы сұрақтарға аудан әкімі, тиісті сала басшылары және ауылдық округінің әкімі жауап беріп, бақылауларына алды.
Кездесу соңында аудан басшысы Мемлекет басшысының халқына арнаған Жолдауындағы негізгі мәселелерді түсіндіріп, бірлік сақтап, аудан игілігі үшін бірлесе еңбек етуге шақырды.
Мұнан кейін, ауыл тұрғындары бірнеше көшелердің жолдарына асфальт төселгені, бейнекамералардың орнатылғаны, каналдарға тазалау жүргізілгені секілді бірнеше мәселенің шешімі табылғанын атай келе, аудан басшыларына ризашылықтарын айтып, ақ баталарын берді.

Пікір жазу