Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » САЙРАМ: ҚАРАБҰЛАҚТАҒЫ РЕЙДТІК ШАРА

САЙРАМ: ҚАРАБҰЛАҚТАҒЫ РЕЙДТІК ШАРА

Сайрам аудандық ішкі саясат бөлімі, Сайрам аудандық полиция басқармасы, « Жастар ресурстық орталығы» КММ-і, адами аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімі қызметкерлері бірлесе Қарабұлақ ауылында түнгі рейдтік шара өткізді.
Мақсат – аудандағы кәмелет жасына толмағандардың еңбегін заңсыз пайдалану деректеріне жол бермеу, олардың арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу және қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз ету.
Сайрам Ауданының Прокуратурасы осындай ауқымды бастама көтеріп, жоғарыда аталған мекемелер бірлесе түңгі рейд жұмыстарын күшейтті.
Тексеріс тобы рейд барысында елді мекен аумағында жұмыс берушінің кәмелетке толмаған балаларды еңбек шартын жасаспастан жұмысқа алу фактілерін зерделеді. Нысан басшыларына кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдерді заңсыз жұмысқа қабылдаған жағдайда ӘҚБтК-тің 86-бабының 3 бөлігіне сәйкес, жұмыс берушілердің әкімшілік жауапкершілігін қарастыру туралы ұсыным әзірленетіндігі ескерілді.

Пікір жазу