Бүгін Сайрам ауданы әкімінің орынбасары Хасанов Бахытбек Көлкент ауылдық округіне қарасты Ақсуабад ауылының тұрғыны Абдураимов Мирзатайды қабылдады, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі.
Қабылдау барысында ауыл тұрғындары атынан келіп отырғанын тілге тиек етіп, Тәуелсіздік, Тастақ және А.Болыс көшелерінің жолдарын асфальттеу мәселесіне қаржы қарастыруды сұранды.
Қабылдау барысында ауыл тұрғындары атынан келіп отырғанын тілге тиек етіп, Тәуелсіздік, Тастақ және А.Болыс көшелерінің жолдарын асфальттеу мәселесіне қаржы қарастыруды сұранды.
Тұрғынның жеке мәселесін бақылауына алған Бахытбек Сембекұлы бюджеттен қаржы қарастыру үшін жолдардың жағдайын зерделеу, сметалық құнын есептеу, тиісті құжаттарды жинақтап дайындау, мемлекеттік сатып алу конкурсынан өткізу секілді кезең-кезеңімен жүргізілетін жұмыстарға белгілі бір уақыт талап етілетінін түсіндірді. Сонымен қатар, келесі жылдың бюджетін нақтылау кезінде жол мәселесі ұсынылып, қаралатынын назарына жеткізді.