«АМАNАТ» партиясының «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасындағы Жолдардың сапасын жақсарту бастамасында ауқымды іс-шаралар жоспарланған.
Тамыз айының соңында, «АМАNАТ» партиясы Сайрам аудандық филиалының Қоғамдық Қабылдау бөлмесінде, партия филиалының төрағасы, аудан әкімі У. Садибеков Қоғамдық Қабылдау өткізді. Қоғамдық Қабылдауда Ақсукент ауылы, Иманалиев көшесінің тұрғындары жол құрылысына байланысты арыз-шағымдарын жеткізген болатын. Тұрғындардың көтерген мәселесін тыңдау үшін, партия филиалының Атқарушы хатшысы Алмас Әбдрахманұлы бастаған Сайрам аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің Баймырза Омарбекұлы арнайы барып, тұрғындармен тілдесіп және ішкі жолдардың сапасымен танысты.
Кездесу барысында тұрғындардың назын тыңдап, түйткілді мәселенің түйінін тарқатып, тігісін жатқызуға тырысты. Тұрғындардың көкейіндегі күдік сейіліп, жолдың сапалы әрі уақытылы бітетінінен құлағдар етілді. Сондай-ақ жаяу жүргіншілер үшін арнайы тротуарға 1.5 м орын қалдырылып, су ағатын науаларда қойылатын болып келісілді.
Жол картасы аясында жүзеге асып жатқан жұмыстарға кіретін, аудандық маңызы бар КХ-36 «Аксу-Көмешбұлақ» автокөлік жолының күрделі жөндеу жұмыстарының мердігер мекемесі «Шымкентдорстрой» ӨК» ЖШС-гі. Автокөлік жолының ұзындығы 7 шақырым, ені 7 метр. Аталған жол Сайрам ауданы, Ақсукент ауылындағы Жібек Жолы көшесінен басталып Иманәлиев көшесі арқылы Әйтеке би ауылынан өтеді.
Ағымдағы жылдың 11 тамызында жөндеу жұмыстары «Шымкентдорстрой» ӨК» ЖШС-гі тарапынан басталды. Қазіргі кезде, жалпы биылға бөлінген қаржы бойынша жобаланған жолдың бөлігінің асфальті қопарылып алынып, оны майдалап қайта тас төсеу жұмыстарына дайындық жүргізілуде. Сонымен қатар мердігер мекеме тарапынан Иманәлиев көшесіне асфальт салуға дайындау үшін бірқатар жол бөліктеріне тас төсеу жұмыстары жүргізілуде.