«AMANAT» партиясының «Мәдени мұра» жобасы аясында, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында Ақсукент-2 ауылының Спорт мектебінде, «Денсаулық – зор байлық» тақырыбында асық ату, ләңгі тебу және қол күресінен жастар мен жасөспірімдер арасында турнир болып өтті. Аталмыш турнир Сайрам аудандық Жастар Ресурстық Орталығымен бірге ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өткізілді.
Турнирге спорт мектебінің оқушылары мен колледж студенттері қатысып, өзара бақ сынады. Шеберлік пен дәлдікті, мықтылық пен ойлылықты, ақылдылық пен парасатты қажет ететін спорт қашан да жақсыға серік болуы тиіс. Жастардың отаншыл, рухани дамып патриот болып өсуі үшін спорттың алар орыны ерекше.
Қажыр мен қайраты тасыған жас спортшылар арасында өткен турнирде бабы келіскен жеңімпаздар арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтармен марапатталды. Асық атудан Калменов Мақсат жүлделі 1 орынды иеленсе, ләңгі тебуден Пәзіл Ердәулет жеңіс тұғырына көтерілді. Ал, қол күресінен бағы мен бабы шапқан Балтаходжаев Захиджан оза шауып, бәрінен күші басым екенін дәлелдеді.
Спорт саласы елді жаһанға танытатын ең маңызды бірден-бір сала. Спортты насихаттап, спортшыларға демеу көрсету елдің салауттылығы пен шымырлығын ғана артырып қоймай, бірлігі мен ынтымағын да нығайтатыны айдан анық. Алдағы уақытта мұндай турнирлер жиі ұйымдастырылып, аудан жастарын биікке қанат қағуына ықпал жасала бермек.