Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ЖАРҚЫРА, ЖАС ДАРЫН!

ЖАРҚЫРА, ЖАС ДАРЫН!

Өскелең ұрпақты қолдау және ынталандыру, мемлекеттік тілді меңгеруге ерекше қызығушылық танытқан өскелең ұрпақты, түрлі этностық топтардың жастарын ынталандыру шаралары арқылы қазақстандық бірегейлік пен бірлікті дамытуға жәрдемдесуді мақсат тұтқан «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасының облыстық кезеңіне Сайрам ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты №75 негізгі орта мектебінің 6 сынып оқушысы Гавхарбекова Гузал қатысып, жүлделі ІІ орын иеленді. Гузал бастауыш сыныпта оқып жүрген шақтарынан қазақтың ақын-жазушыларының шығармаларын оқуға, көркемсөз өнеріне деген қызығушылығы басым оқушы екендігін көрсетті, аудан көлемінде ұйымдастырылған бірқанша байқаулардың жеңімпазы.
Гузалдың өлеңге, көркемсөз оқуға деген құштарлығын, ынтасын байқаған, аудандық, облыстық байқауларға дайындап жүрген жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ибрагимова Мунира әріптесіміздің шығармашылығының өркендей беруіне тілектеспіз.

Пікір жазу