Сайрам ауданының Қарамұрт ауылдық округінде «Ауыл – Ел тірегі» жобасы аясында онкүндік іс-шаралар жоспарға сәйкес өтіп жатыр. Осы орайда ауылдық округтің әкімі Мамуржан Нажиев жергілікті тұрғындарды қатыстыра отырып, тиісті бөлімдермен бірге мардымды жұмыстарды атқарып келеді.
Атап айтқанда,
— Қарамұрт ауылдық округінің тұрғындарымен кезекті кездесу өткізіліп, онкүндік барысында қолға алынған жұмыстардың барысы таныстырылды;
— №6 жалпы орта мектебінің ұжымымен кездесу өткізіліп, онда жөндеу жұмыстары, 2022-2023 оқу жылына мектептің дайындығы және «Мектепке жол» ақциясы талқыланып, қажетті шешімдер қабылданды;
— аз қамтамасыз етілген, жетім және жартылай жетім отбасылардың балаларымен Түркістан қаласына саяхат ұйымдастырылды;
— ауылдық мәдениет үйінде мұқтаж және мүмкіндігі шектеулі отбасыларға арналған тегін киім-кешектер берілетін орын ашылып, балалардың қажетті заттарын келіп алуына мүмкіндік қарастырылды;
— Қаратаевтар отбасы аяқ киім жөндеу шеберханасын ашу туралы өтініші назарға алынып, ауыл орталығынан орын қарастырылды. Шеберхана халыққа қызмет көрсетуде;
— «NUR EHSON» қайырымдылық қоры жанынан мүмкіндігі шектеулі мүгедек азаматтарға қолдау көрсету және оларға барынша қамқорлық таныту мақсатында «Біз біргеміз» қайырымдылық қоры ашылған болатын. Мұнда логопед және массажист мамандарымен қамтылған. Аталған қор мүмкіндігі шектеулі жандарды ән айту, шахмат, дойбы ойындары, сурет салу және басқа да түрлі үйірмелерге тарта отырып, қажетті көмектер көрсетуде.
— ауыл аумағынан өтетін облыстық маңызы бар М.Мұхитдинов көшесіне тұрғындардың, мектеп оқушыларының, жолаушылардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында жаяу жүргіншілер өткелі сызылды;
— А.Расулметова көшесі бойында орналасқан трансформатор қоршалып, сырланды;
— санитариялық тазалау жұмыстары жүргізіліп, ретсіз күл-қоқыстардан тазартылып, сонымен қатар электр бағаналары әктеліп, жол бойындағы шөптер орылды;
— ауыл орталығы, орталық саябақ, облыстық маңызы бар жол бойлары ретсіз тасталған қоқыстардан тазартылды;
— елді мекендерде көгалдандыру, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жүргізілуде.
Алдағы уақытта ауылдың игілігі мен тұрғындардың жағдайын жақсарту бағытында игі істер жалғасатын болады.